Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

Дәурен Әскербекұлы Абаев
Дәурен Әскербекұлы Абаев

1979 жылы 18 сәуірде дүниеге келген.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдады.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында — Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан — Қазақстан президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы

Жанат Мұратұлы Қожахметов
Жанат Мұратұлы Қожахметов

1979 жылы 17 сәуірде дүниеге келді

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, заңгер-халықаралық саясат білгірі мамандығы бойынша бітірген.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің бас маманы

2002 - 2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, аға сарапшысы

2004 - 2005 жылдар аралығында – «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі

2008 - 2010 жылдар аралығында – ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары

2010 - 2014 жылдар аралығында – Мемлекеттік инспектор, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары

ҚР Тұтынушыларды қорғау агенттігінің жауапты хатшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Отан» орталық аппаратының басшысы лауазымын атқарған

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

Әжібаев Алан Ғазизұлы
Әжібаев Алан Ғазизұлы

Әжібаев Алан Ғазизұлы 1974 жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келген.

1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1994 жылдың тамызынан 1995 жылдың қыркүйегі аралығына - «Макс» телерадиокомпаниясы, радиожүргізуші.

1995 жылдың қыркүйегінен 1997 жылдың тамызы аралығында - «31 арна» Телерадиокомпаниясы», теле-,радиожүргізуші.

1997 жылдың қыркүйегінен 1998 жылдың қыркүйегі аралығында - «City»Телерадиокомпаниясы» ЖШС бағдарламалық директоры.

1999 жылдың ақпанынан 1999 жылдың қыркүйегі аралығында - «Радио Караван» директоры.

Кейінірек жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

2008 жылдың ақпанынан 2010 жылдың қаңтары аралығында - «Таң» Телерадиокомпаниясы»ЖШС бас продюсері.

2009 жылдың желтоқсанынан 2012 жылдың мамыры аралығында «Радио «Тенгри ФМ» бас продюсері.

2012 жылдың маусымынан 2014 жылдың қаңтары аралығында «SKYMAX MEDIA» бас директоры.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы