Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы
Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы

1973 жылдың 13 қарашасында дүниеге келген.

Саран педагогикалық училищесін (1992), Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2000), Қарағандыдағы  Қазтұтынуодағы экономикалық университетін (2006) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды облысындағы балалар-бақшасы тәрбиешісінің қызметінен бастаған. Саран қаласының №2 орта мектебінде тарих және қазақ тілі пәні мұғалімі болған.

2006 - 2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бас сарапшысы.

2008 - 2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының бас сарапшысы.

2012 - 2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары.

2016 – 2018 жылдары  Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрайымы.

2018 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі вице-министрі қызметіне тағайындалған.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі және «Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы