Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

21.06.2018 г.
Заседание Общественного совета по вопросам развития сфер информации, информационных и коммуникационных технологий и оказания государственных услуг

Ақпарат, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету салаларын дамыту бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы

Астанада ақпарат, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету салаларын дамыту бойынша Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кездесу барысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Министрліктің 2017 жылы жасалған жұмысының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Сондай-ақ медиа зерттеулер, БАҚ-тардың, стратегиялық жоспар және Қоғамдық кеңестің Президиумы құрамын және комиссиялар құрамын түзету мәселелері талқыланды.

2017 жылы «Электрондық үкімет» индексінде Қазақстан 38-ші орыннан 33-ші орынға көтерілді, үй шаруашылықтарының Интернет желілеріне қосылуы 20 пайызы көтерілді. Осылайша 85 пайызға жетті, халықтың компьютерлік сауаттылығы 63 пайыздан 78 пайызға артты, ұлттық спутниктік абонеттер көлемі 250 мыңнан 1,3 млн. көбейді.

«Ел арна» киноканалы ашылды. «Хабар 24» арнасында роботталған студия іске қосылды. «GalamTV» интернет-телеарнасы жаңаланды. 

«Қуатты Қазақстан» біріңғай медиа-жоспары бекітілді. Бұл жоспарға сай мемлекеттік органдардың бір жылдық іс-шаралары біріктіріліп, оларды жариялаудың ұсыныстары белгіленді.

Цифрлық хабар таратуға ауысу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Жамбыл мен Түркістан облыстары толық цифрлық телерадиохабар таратуға көшеді.

Сонымен қатар, өткен жылдың соңында «Білім беру интернет» жобасы іске қосылды.  Бұл жобада үш жарым мыңнан астам сайт бар. Яғни балаларға арналған қауіпсіз интернет-сервистерде танымдық және ойын түріндегі бағыттар қарастырылған.

Өткен жылы ауылдық елді мекендерді кеңжолақты интернетпен қамту жобасы бойынша егжей-тегжейлі дайындық жұмыстары жүргізілді. Жобаның мақсаты - 1 249 ауылдық елді мекенде тұратын 2 миллионнан астам тұрғындарға 2021 жылға дейін жоғары жылдамдықты Интернет желісін жүргізу.  Биылғы жылы  55 ауылдық елді мекен интернетпен қамтылады.

Тұрғындарының саны 50-ден асатын және осы жобаға кірмейтін елді мекендер 2021 жылға дейін LTE технологиясы бойынша жүргізілген Интернетпен қамтамасыз етіледі. Бұл шамамен 6200 ауылдық елді мекен.

Қаңтар айынан бастап мемлекеттік секторды жеке жұмыспен қамту агенттіктерін біріктіретін «Электрондық еңбек биржасы» жобасы іске қосылды, ол өз кезегінде азаматтардың жұмысқа орналасу процесін ашық және жылдам жүргізді. Электрондық еңбек биржасы қазірдің өзінде 75 мың азаматқа жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.

Астана Хаб Халықаралық технопаркінде IT-стартаптардың жеделдету бағдарламасы бойынша 10 стартап жобасы шығарылды. Жыл соңына дейін олардың санын 33-ке жежтк3зу жоспарлануда.

1 маусымнан бастап ел өңірлерінде халықты цифрлық дағдыларға оқыту бойынша курстар басталды. Ағымдағы жылдың маусымынан тамызына дейін шамамен жарты миллион адамды оқыту жоспарлануда.

2017 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 34 миллионнан астам қызмет көрсетілді, «Э-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы миллионға жуық лицензия мен рұқсат берілді. 2012 жылдан бастап порталдың egov арқылы 135 мыңнан астам компания ашылды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация барлық мемлекеттік қызметтердің 83% -ын (621 қызмет) көрсетуде. Өткен жылы ол 38 миллион қызмет көрсетті.

 


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы