Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

12.09.2018 г.
Министр информации и коммуникаций Даурен Абаев принял участие во Всемирном форуме Международного союза электросвязи - ITU Telecom-2018 World.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Халықаралық телекоммуникациялар одағының ITU Telecom-2018 World форумына қатысты

Қыркүйектің 10-ы мен 13-і аралығында Оңтүстік-Африка республикасының Дурбан қаласында ITU Telecom-2018 World форумы өтіп жатыр. Біздің елдің  атынан аталған форумға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысуда.  

Форум аясында әр елден келген министрлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Бұл жиында инттелектуалды цифрлық технологияларды дамыту, жаңа цифрлық әлемге төнетін қауіптердің алдын-алу және цифрлық технологияларды қаржыландыруды қолдау сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.  Дәурен Абаев өзінің баяндамасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың маңыздылығына тоқталды. Осылайша экономика саласының ауқымын кеңейтіп, өмір сүру сапасын арттыруға жол ашылатынын айтты. Біздің республика алдында тұрған кедергілер мен жетістіктерді саралай келіп, министр «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығын да атап өтті. Бағдарлама ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын жаңа кезеңде сапалы дамытуға мүмкіндік береді. Дәурен Абаев Қазақстан Халықаралық электрбайланыс одағымен бірігіп бесінші буын байланысын енгізуге әзір екенін, кең жолақты интернетті қолдау мақсатында негеостационарлық спутникті кеңінен пайдалануға ынталы екенін айтты. Форум аясында министр Халықаралық электрбайланыс одағының бас хатшысы Хоулин Чжаомен, Халықаралық электрбайланыс одағы электрбайланыс саласын дамыту Бюросының директоры Брахим Санумен, Сауд Арабиясы коммуникациялар мен ақпараттық технологиялар бойынша Комиссияның төрағасы Абдулазиз Бин Сәлем Ал Руаис және Әзірбайжанның көлік, байланыс пен жоғары технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Тофиг оглу Велизадемен кездесулер өткізді.

ITU Telecom-2018 World - Ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын дамытуды жоғары әрі ауқымды деңгейде талқылайтын жетекші халықаралық алаң ретінде белгілі.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы