You are here

Жаңалықтар

21.04.2017 г.
Д. Абаев принял участие в презентации программы Smart Zholy

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев отандық бағдарламашыларды қолдау жобасының таныстырылымына қатысты

2017 жылғы 20 сәуірде «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Smart Zholy бағдарламасының тұсаукесерін өткізді. Шараға қатысқан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жобаның жоғары технология мүмкіндіктерін қоғамның әр саласында кеңінен қолдану туралы Елбасының тапсырмалары аясында басталып отырғанын айтты.

Smart Zholy жобасының шеңберінде қазақстандық бағдарламашылар мен стартаперлер халықаралық компаниялармен бірлесіп өздерінің инновациялық өнімдері мен сервистерін құрай алады. Бұл бірегей бағдарлама саналады. Smart Zholy аясында конкурстық негізде іріктеліп алынған жастардың 10 командасы Сингапурдегі екі апталық бағдарлама шеңберінде өз жобаларын әлемдік деңгейдегі менторлардың тікелей басшылығымен идеясынан бастап бастапқы өнімін шығаруға дейінгі жолдан өтіп ірі азиялық корпорацияларға ұсына алады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры Smart Zholy бағдарламасын Оңтүстік Азиядағы Echelon Asia Summit жетекші стартап-алаңымен бірлесіп іске асырады. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады - біріншісі Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларын, екінші кезең бүкіл елді қамтиды. Конкурстың қорытындысы бойынша өтінім берген 70 команданың ішінен 10 команда іріктеліп алынады. Олардың арасында үздік әлемдік жоғары оқу орындарының түлектері Princeton, UC Berkeley, Carnegie Mellon және басқалары, сондай-ақ қазақстандық Nazarbayev University, ҚБТУ университеттері және басқалары бар. Іріктелген командалар телекоммуникациялар, логистика, қаржы және денсаулық сақтау саласындағы ірі корпорациялардың өтінімдері бойынша жобалар әзірлейді. Қазақстандық командалар сингапурлық стартап - экожүйесінің орталығында атақты Block 71-де орналасады. Қатысушылар елге қайтып оралған соң алған білімдерін болашақ әзірлемелерінде қолдана алады. Жобаны таныстыру рәсіміне қатысқан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жас таланттарды қолдаудың маңыздылығына тоқталды. "Еліміздегі талантты жастарды қолдауда Тұңғыш Президент қоры көп жұмыс атқарып келеді. Бүгін тұсауы кесілетін Smart Zholy жобасы да осындай маңызды шаралардың бірі екені анық. Баршаңызға мәлім, қазіргі күні елімізде Қазақстанның Үшінші жаңғыруы аясындағы кешенді іс-шаралар басталды. Елбасы тапсырмасына сай, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі де технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ететін жобаларды, оның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде" деді Абаев мырза. Бұған қоса министр технологиялық жаңғырту мәселесінде жастарға үлкен сенім артылып отырғанын айтты. "Осы іргелі істерді жүзеге асыруда еліміз жаңа буын – жастарға үлкен үміт артады. Сондықтан да, Smart Zholy жобасының басталуы жас стартаперлерге шынайы қолдау болатыны сөзсіз. Жобаға қатысушылар отандық инновациялық өнімдер қатарын арттырып қана қоймай, озық елдердің ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибесін ел игілігіне жаратады деп сенеміз" деді министр. Сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары технологиялардың жетісіктерін қоғамның әр саласында тиімді пайдалану, тікелей тапсырмасы туралы айтты. «Smart Zholy» жобасын іске асыру жастардың стартаптарын тек қана Қазақстанға емес, ғаламдық нарыққа шығару, Мемлекет Басшысының Жолдауында қойылған экономиканы жедел жаңғырту және цифрлық экономиканы құру міндетін орындай отырып, Астананы технологиялық картадағы жаңа нүкте ретінде көрсете білу болып табылады, - деп атап өтті Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев. Тұсаукесер шеңберінде Echelon Asia Summit (Сингапур) компаниясының негізін бірлесіп қалаушысы Тэдиус Ко, booking.com (Амстердам) компаниясының инженер-бағдарламашысы Әлібек Датбаев, Method.kz бағдарлама жасау мектебінің негізін қалаушысы Дагар Давлетов, Малайзиядағы MultiMedia University докторанты Мағжан Қайранбай сөз сөйледі. Бұдан басқа 10 финалист команда мүшелері таныстырылды. «Біз қазақстандық стартаптарды Сингапурде және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі Echelon Asia Summit саммиттерінде қабылдап жүрміз және қазақстандық командалардың потенциалын жақсы білеміз. Smart Zholy - қазақстандық жобалардың сомалық көлемі 650 млн адамды қамтитын әлемнің ірі нарығын қамтудағы жаңа деңгейі», - деп атап өтті Тэдиус Ко.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы