You are here

Жаңалықтар

01.08.2017 г.
Интересные наборы данных появились на портале Открытого правительства

Ашық үкімет порталында қызықты деректер жинағы жарияланды

Бүгінгі таңда Ашық үкімет (Open.egov.kz) порталының «Ашық деректер» (data.egov.kz) бөлімінде  жаңа деректер жинағы жарияланды. Ең қызықты деген ақпаратқа мыналарды жатқызуға болады:

  • Заңды тұлғалар туралы мәлімет
  • Дәрменсіз борышкерлердің тізімі
  • Салық төлеушілер туралы ақпарат: заңды тұлғалар мен салықтың қарызы 150 АЕК-ден асатын  құрылымдық бөлімшелері туралы ақпарат
  • Салық төлеуші - жеке кәсіпкерлер туралы ақпарат: қарызы 10 АЕК-ден асатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар туралы ақпарат.
  • Аурулардың түрлері, өңірлер және жылдар бойынша көрсеткіштері туралы статистикалық ақпарат
  • Туу көрсеткішінің жалпы коэффициенті
  • ҚР әкімшілік-аумақтық құрылым
  • Әкімшілік-аумақтық бірліктердің түрлері
  • Елді-мекендер құрылымы
  • Әкімшілік-аумақтық объектілердің класссификаторы (ӘТОК)
  • Экономикалық қызметтің жалпы түрінің классификаторы (ЭҚЖК)

Бүгінде порталда орталық жән жергілікті мемлекеттік органдармен 2343 ашық деректер жинағы жарияланған. Порталдағы ең қызықты деректерге аурулар туралы ақпарат жатады. Мұндағы ақпарат 2015 және 2016 жылдар бойынша аурулардың түрлерінің аймақтардағы таралуына қатысты толық ақпарат бар. *

Қандай аудандарда аурулар кеңінен таралған?

Былтырғы жылдың ашық деректеріге сәйкес ауралар бойынша жоғарғы көрсеткіштер Павлодар облысында (76078,9), одан кейін Алматы қаласы (69351,6) мен Жамбыл облысында (67538,4) байқалған. Ал аурулар бойынша ең төменгі көрсеткіш Атырау (29480)  және Батыс Қазақстан облыстарында (42853) тіркелген.  

Былтырғы жылдың қорытындыларына сәйкес қатерлі ісіктерге қатысты аурулар бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр (337,8), одан кейін Павлодар облысы (302,3), Қостанай облысы (299,8). Ең төмен көрсеткіш Алматы (53,1)  және Оңтүстік Қазақстан облыстарының (101) үлесінде.

Өкпе туберкулезі ауруы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жоғарғы көрсеткіш (72,9) тіркелген, Ақмола облысы (70,8), Атырау облысы (66,3). Ал Алматы (36,7) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (40,8) туберкулезге шалдыққандар басқа аймақтарға қарағанда аз болып шықты.

Солтүстік Қазақстан облысы қант диабеті бойынша көш бастап келеді. Мұндағы көрсеткіш 304,5 құраса, Қостанай облысында 294,2, Павлодар облысында 270. Маңғыстау облысында ең төтен көрсеткіш 132,7-ті құрады. 

 


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы