You are here

Жаңалықтар

10.05.2018 г.
Astana Hub подвел итоги первой акселерационной программы

Astana Hub алғашқы акселераттау бағдарламасын қорытындылады

Astana Hub IT-стартаптары халықаралық технопаркінің акселераттау бағдарламасы қатысушыларының алғашқы легінің бітіріп шығу шарасы өтті. Технопракте стартап-командалары акселераттау бағдарламасы бойынша қол жеткізген нәтижелері туралы айтылып, өздерінің жобаларының тұсаукесерін жасаған  DemoDay болды.

Акселераттау бағдарламасы ағымдағы жылдың ақпан айында іске қосылған болатын. Мұқият алдын ала таңдаудың қорытындысы бойынша 151 өтінімнің он төрт стартаптарымен 11 команда таңдап алынды. Акселераттау бағдарламасын 10 жоба сәтті аяқтады, оның ішінде 8-і Astana Hub-та резиденттігін алды: Смарт Заправка, AI labs, BBaby, Kompra, Eventum, Media Scanner, JayBox және Azimut. Сонымен бірге, КазМоторс, BBaby, Game Of Drones – акселераттау бағдарламасының екінші легіне өтуге шақырту алды, оны бір айдан соң іске қосу жоспарлануда.

Бағдарлама қорытындысы бойынша стартап-командалар бизнес құруда ерекше нәтижелер көрсетті. Смарт Заправка жобасын иеленушілер  бір ай ішінде пайдаланушылар санын 2000-нан бастап 2850-ге дейін өсірген және «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС АЖҚ желілеріне сервисті қосу бойынша келіссөздер жүргізе бастады, Eventum.one жобасы 3 аптада 6 сатылым жасаған және Өзбекстан нарығына шығуға дайындалуда, Kompra жобасы акселераттау бағдарламасы басталған сәттен бастап сатылымды 300%-ға өсірген, Jaybox проекциялық компьютері  $30,000 сомасында инвестиция тартқан және Қазақстанның ірі сауда желісімен келісім-шартқа қол қою кезеңінде тұр, Azimut командасы Қазпочта Цифрлық кеңсесінде және оның бөлімшелерінде пилоттық жобаны іске қосқан.

Іскерлік байланыстарды және халықаралық серіктестікті реттеу мақсатында 2018 жылдың мамырында Astana Hub-тың бес стартапы өздерінің жобаларын Беларуссияда өтетін халықаралық «ТИБО» АКТ-форумында таныстыруға барады, ал үш стартап-жобасы Smart Zholy бағдарламасының шеңберінде Echelon Asia Summit-не барады.

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанынан құрылған болатын 

Анықтамалық:

Акселераттау бағдарламасының алғашқы легі аясында шығарылған стартап-жобалар:

  1. Eventum.one - билеттерді автоматты түрде сату және event-индустриялар саласындағы маркетингтер бойынша бұлттық шешім;
  2. AILabs - кіріктірілген виртуальды ассисентпен омниканалды орталық байланыс;
  3. Jaybox – ноутбук темірімен шағын корпусты кішкентай проектор.
  4. Game Of Drones - бірнеше пайдаланушыларға арналған кроссплатформалық онлайн ойын;
  5. СмартЗаправка - клиенттерге өз көліктерінен шықпай арзан жанармай құю қызметіне арналған мобильдік қосымша.
  6. KazMotors – жаңа және қолданыста болған көлік бөлшектерін сату/сатып алуға арналған маркетплейс;
  7. Azimut (SabinaVirtualAssistant, WellMed, K-Track) – кез келген бизнес тапсырмаларға арналған бағдарланған виртуалды көмекші;
  8. Kompra – компанияларды тексеру жағдайында мәмілелер жасау алдында жинау мәселелерін шешу және әр түрлі ресми көздерден жиналған мәліметтерді талдауда банктерге, микроқаржылық және инвестициялық ұйымдарға, басқарушы компанияларға және ШОБ көмектесетін сервис, еңбек шығындарын 10 есе үнемдейді;
  9. BBaby – балаларға арналған тауарлардың маркетплейсі, балалардың ойын-сауық және ісшаралар орталықтарының агрегаторы;
  10. MediaScanner – ұйымға, оның басшылығына, сондай-ақ жетекшілік ететін саладағы жағымсыз жағдайлар бойынша ескертулерді мониторингтеу арқылы баспасөз қызметтері және пиар-бөлімдері қызметкерлеріне көмек көрсететін сервис.

 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы