You are here

Жаңалықтар

23.06.2018 г.
Astana Hub приглашает IT-стартапы на интенсивную программу по развитию бизнеса

Astana Hub бизнесті дамыту бойынша қарқынды бағдарламаға ІТ-стартаптар шақырады

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі акселераттаудың екінші бағдарламасынан өтуге стартап-командалардан өтінімдер қабылдауда. Қатысушылар Экспо аумағында тегін жұмыс кеңістігін, стартап диагностика, бизнес-үдерістерді баптауды, инвестициялар мен жобаның дамуын жеделдетуді алады.

Акселератор - стартаптарды дамытудың қарқынды бағдарламасы, командалар ол арқылы клиенттер, серіктестер және инвесторлар үшін тиімді және ауқымды бизнес құрады.

Astana Hub даму үшін трекинг, білім беру және консалтинг, қауымдастық және нетворкинг, стартаптар аукционы, PR, сондай-ақ корпорацияларға және мемлекеттік органдарға шығу сияқты құралдар ұсынады.

Акселераттау бағдарламасының басында сарапшылар бизнес-идеяның өміршеңдігі және басқа да қажетті метрикалар бойынша диагностика өткізеді. Диагностика нәтижелеріне сүйене отырып, әрбір жобаға арналған мақсат анықталады, дамудың жол картасы және инвестицияларды тартуға дайындық жоспары жасалады.

Әрбір жобаға жеке сарапшы және гипотезаларды қалыптастыруға, әрекеттер жоспарын дайындауға және нәтижеге назар аударуға көмектесетін тәлімгер-трекер бекітіледі.

Сонымен қатар акселератор шеңберінде стартаптар аукционын өткізу жоспарланып отыр. Аукцион өткізу барысында жоба қолайлы шарттар бойынша болжамды инвестиция сомасын тарта алады.

Astana Hub акселераторына үш ай қатысу ішінде жобаның дамуы, бағдарламадан тыс бір жылдық жұмысқа тең болатындай, бірнеше есе жеделдейді.

Акселератор келесілер үшін қолайлы:

  • 100 000$-дан бастап 1 000 000$-ға дейінгі инвестицияларды қажет ететін стартаптар;
  • инвестицияларды қажет етпейтін, бірақ көрсеткіштерін 5-10 есе арттырғысы келетін стартаптар;
  • стартаптарға инвестициялаған, алайда команданың тиімді дамуы үшін білімі, тәжірибесі мен құзыреті жетіспейтінін түсінетін инвесторлар.

Акселераттау бағдарламасына қатысу үшін келесілер қажет:

  • MVP және MVO сатысындағы ауқымды өнімнің болуы;
  • Нысаналы нарықтың жалпы көлемі жылына 100 млн. АҚШ долларынан кем болмауы;
  • командада кемінде 2 негізгі қатысушының болуы (бірлескен құрылтайшылар);
  • СЕО-ның жобаға толық тартылуы (қосымша және қатарлас қызметсіз).

Акселераттау бағдарламасына қатысу өтінімдері 2018 жылғы 23 маусымға дейін accelerator.astanahub.com сайтында қабылданады. Акселераттау бағдарламасы 2018 жылғы 9 шілдеде басталады.

Ағымдағы жылдың ақпанында Astana Hub технопаркінің базасында акселераттаудың #garage алғашқы бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама қорытындысы бойынша үш айлық акселераттау ішінде сатылымды ұлғайтқан, алғашқы инвестициялар тартқан және өзінің бизнес-моделін жаңа даму деңгейіне көтерген 10 қазақстандық IT-стартап шығарылды.

Astana Hub-тың маркетинг және

қоғаммен байланыс департаменті

Байланысушы тұлға: Айгуль Шерниязова

Бас PR менеджер

+77026553208

Анықтамалық:

Astana Hub – бұл ІТ-стартаптарының халықаралық технопаркі және Қазақстанда инновациялық технологияларды дамыту өзегі.  

Технопарктің негізгі миссиясы – Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту, елдің экономикасын нығайту үшін жоғары технологиялық жобаларды қолдау және стартап-командалар, ІТ-Компаниялар, инвесторлар және басқа қызығушылық танытқан тараптар үшін бірегей халықаралық цифрлық және материалдық платформаны дамытудың орталығы болу.

Технопарк «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын дамыту шеңберінде өзінің әзірлемелерін ақпарат және коммуникация Министрлігімен және ««Зерде» ҰИХ» АҚ-мен  тығыз байланыста жүргізеді.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы