You are here

Жаңалықтар

16.06.2017 г.
Интересная статистика по обращениям граждан на блог первых руководителей госорганов

Азаматтардың мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блогына жіберген өтініштерінің қызықты статистикасы

«Ашық диалог» порталының, атап айтқанда мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Блог-платформасы сервисінің, бес жылдық мерзімінде жүргізілген статистикасы білім беру, денсаулық сақтау және қоғамдық тәртіп мәселелері қазақстандықтар үшін өте өзекті екендігін көрсетті. Осылай аталған кезеңде келесі министрлердің блог-платформаларына көптеген өтініштер келіп түсті.

Өтініштердің ең көп саны ҚР Білім және ғылым министрлігіне тиесілі. 2012 жылдан бастап 2017 жж. дейін білім және ғылым министрінің блогына азаматтардың 24 мыңнан астам өтініштері қабылданды және талқыланды.

Келесі болып өтініштердің саны бойынша «Денсаулық сақтау» тұр. Бұрын, бейінді министрлігінің құрылғанына дейін, берілген бөлім бойынша азаматтардың өтініштері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенованың блогына келіп түсетін болатын. Осыған ұқсас кезеңде денсаулық қорғау мәселесі бойынша 24 470 азаматтың өтініштері қабылданды.

Үшінші орында – құқық қорғаушы органдарының жұмысы бойынша 21 000 астам өтініш қабылдаған және өңдеген ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың блогы.

Статистика көрсеткендей, азаматтардан дін, мемлекеттік тілді дамыту, жастар саясаты, туризм мәселелері бойынша біршама аз өтініш түсті.

Ашық үкімет құрауыштарының бірі мемлекеттік органдарының басшыларының блог-платформаларына өтініш беруге және мемлекеттік органдарының интернет-конференцияларын талқылауға мүмкіндік беретін «Ашық диалог» болып табылатынын еске саламыз. Қазіргі уақытта порталда азаматтардың 188 мыңнан астам өтініштері тіркелген.

 


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы