You are here

Жаңалықтар

10.05.2018 г.
Стартовал прием заявок на участие во II Национальной премии в области печатной, радио и интернет - журналистики "Үркер"

Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ІІ Ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

2017 жылы шығарылған ерекше материалдар конкурсқа қатыса алады. 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін эфирге шыққан, жарияланған материалдары бар баспасөз басылымдардың, интернет-БАҚ және радиостанциялардың журналистері мен редакциялары Сыйлықтың ізденушілері бола алады. Өтінімдер 31 күн ішінде қабылданады.

Биылғы жылы жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады: үздік фотосурет, үздік репортаж, үздік аналитикалық материал, үздік  журналистік тексеріс, үздік сұхбат, Қазақстан туралы үздік танымдық материал, үздік халықаралық аналитикалық материал, үздік аймақтық радиостанция, үздік аймақтық баспасөз басылымы, Қазақстанның үздік радиостанциясы, үздік интернет-БАҚ, үздік республикалық баспасөз басылымы. 

Сонымен қатар, эксперименттік номинация бойынша дауыс беру де қосылған. Олардың арасында: үздік блогер, үздік паблик, үздік вайн, әрі жыл хайпы.

Лауреаттар ұсынылған материалдардың сараптамалық бағалау қорытындылары негізінде қазылар алқасының жабық дауыс беруі арқылы анықталатын болады. Қазылар алқасының құрамына қоғам қайраткерлері, әрі журналистика саласындағы білікті мамандар кіреді. Жеңімпаздар 1 000 000 миллион теңгеге және «Үркер» естелік мүсіншеге ие болады.

Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» Ұлттық сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін таныту және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аударту мақсатында 2017 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен алғаш рет өткізілген.

Сыйлықтың ұйымдастырушысы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Qazcontent» АҚ» болып табылады.

Толық ақпарат ресми сайтында: http://el.kz/kz/urker-2018 берілген.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы