Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

14.12.2018 г.
Вынесен на публичное обсуждение проект приказа «Об утверждении стандартов государственных услуг в области связи»

«Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды

Бұйрық жобасының шеңберінде:

1) «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет, қызмет көрсету мерзімдерін 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды;

2) «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет, қызмет көрсету мерзімдерін 20 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде өтінім беру және өтінімді қарау кезінде комиссия шығарылды;

3) «Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, жою, ұзарту және қайта ресімдеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты, қызмет көрсету мерзімдерін 25 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды;

4) «Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларының импортына лицензия беру» және «Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындыларына қорытынды беру» 2 қызметті жаңа мемлекеттiк қызметке біріктіру «Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар және (немесе) олардың импортына лицензия беру», қызмет көрсету мерзімдерін 16 жұмыс күнінен 8 жұмыс күніне дейін қысқартуды қарастырады.

Жоба 2018 жылғы 27 қарашада «Ашық НҚА» интернет - порталында http://legalacts.egov.kz «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде орналастырылды.

Жоба «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 қаулысына сәйкес әзірленді.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы