Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

29.08.2018 г.
О переходе регионов первого этапа  на Цифровое эфирное телерадиовещание

Бірінше кезеңдегі өңірлерде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату туралы

Қазіргі кезде ЦЭТХТ-ға көшудің бірінші кезеңін іске асыру бойынша жұмыстар мына өңірлерде: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында  жүргізілуде.  

Маңғыстау облысы (көшу кезеңі, а.ж. 15 қазаны) ЦЭТХТ инфрақұрылымын ендіру толығымен аяқталды. ЦЭТХТ бойынша 21 РТС салынды және жаңғыртылды.  600 мың адамды қамтитын 48 елді мекен (шамамен халықтың 99%-ы) ЦЭТХТ-мен қамтылды. Облыста жалпы саны  (5 мың адамнан төмен) 14 елді мекен ЦЭТХТ қамту аймағынан тыс орналасқан.  Аталған елді мекендер спутниктік телевизия қызметіне 100% қосылған.

Қазіргі уақытта Манғыстау облысында құны орташа есеппен 3,5 мыңан 5 мың тг.  дейін тұратын  қытайлық өндірістегі DVB-T2 жалғамаларын сату нүктелері ұйымдастырылған (4 өндіруші), ресейлік  D-Color (ресей өндірісі) жалғамалары 3,5мыңнан 10 мың тг. дейін.

Облыста  158 отбасы  тегін телевизиялық жалғамаларға мұқтаж.

Өңірлік БАҚ-да ЦЭТХТ-ға көшуі туралы 118 материал жарияланды. Облыстық телеарнада күніне екі рет қайталанатын 4 бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды. Облыста 39 билборд орналастырылатын жерлер бөлінді, олардың эскиздері әзірленуде. 

Түркістан облысы (көшу кезеңі, а.ж. 31 желтоқсанына дейін) 80 РТС-тің 79-ы салынды және жетілдірілді. Ибата ауылында соңғы РТС құрылысы қараша айында аяқталады. Саны 2.4 млн. адамы бар 860 елді мекен қамтылған (98%). Облыста ЦЭТХТ желісімен қамту аймағынан тыс 20 елді мекен бар. Аталған елді мекендерді қарап шығу жүргізілді,  цифрлық спутниктік телевизияның енудің орташа саны 90%. Орташа құны 3 мыңнан 5 мың тг.  дейінгі DVB-T2 жалғамаларын сату нүктелері ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде, облыста 27509 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылады. Олардың ішінде, 26689 отбасы тегін телевизиялық жалғамаларды қажет етпейді.   Жылдың соңына дейін қалған 820 отбасын телевизиялық жалғамалармен қамтамасыз етуді облыс әкімдігі жоспарлауда. 

Шымкент қаласы (көшу кезеңі, а.ж. 31 желтоқсанына дейін)

Шымкент қаласында 3516 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылады. Олардың ішінде, 132 отбасы тегін жалғамалармен қамтамасыз етілді.

Өңірлік БАҚ-да 114 материал жарық көрді. Оның 26 баспа БАҚ, 21 электронды БАҚ, 20 интернет-ресурстарында.

Жамбыл облысында (көшу кезеңі, а.ж. 31 желтоқсанына дейін)  ЦЭТХТ-ның инфрақұрылымын ендіру толығымен аяқталды. 42 РТС салынды және жетілдірілді. 1 млн. астам адамы бар 380-нен астам елді мекен  қамтылған  (шамамен халықтың 99%-ы). Облыста ЦЭТХТ-мен  қамтылмаған 6 елдімекен бар. Аталған елді мекендерде спутниктік телевизияның ену пайызы 95 %-дан жоғары.

Қазіргі кезде облыста 8970 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылады. Олардың ішінде, 2344 отбасы тегін жалғамаларды қажет етеді.  Аталған отбасыларын қамтамасыз ету үшін, әкімдіктер жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлуді жоспарлауда. Орташа құны 3,5 - 5 мың тг. дейінгі  DVB-T2 жалғамаларын сату нүктелері ұйымдастырылды.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы