You are here

Жаңалықтар

20.06.2016 г.
logo egov

Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы 20 миллиардтан астам теңге өтті

Осы айда Қазақстанның электрондық үкіметінің төлем шлюзі арқылы өткен төлемдер сомасы, жүйенің іске қосылғанынан бері, бірінші рет 20 млрд теңге белгісінен асты.

Оның ішінде 5,5 миллиарды қазақстандықтармен осы жылдың ішінде, жарты жылға жетпейтін уақыт мерзімінде, eGov арқылы төленгенін атап өткен жөн. Ал 2015 жылдың төлемдер статистикасын қарастырсақ, ол, былтырғы кезең бойынша 10 млрд теңгеден астам сомасын құрды.

Көбінесе электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар төлемдері төленеді – ол дегеніміз барлық төлемдердің 74%  немесе 15 млрд. теңге сомасын құрайды. Жиі кездесетін келесі төлем түрі – салықтар мен алымдар – барлық төлемдердің 12% құрайды (2,3 млрд. теңге). Үшінші орында – салықтар – 7 % құрайды (1,4 млрд. теңге).

Осыған қоса, азматтар электрондық үкімет порталын өздерінің Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі шоттарын толтыру мақсатында белсенді пайдаланады – барлық төлемдердің 6% немесе 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.

Бюджетке төленгенін растайтын құжаттарды талап етпеу мақсатында электрондық үкіметтің төлем шлюзінің екінші деңгейдегі 21 банкпен интеграциясы іске асырылғанын атап айтқан жөн.

Анықтама үшін: «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істеуде. Оның мақсаты – банктер мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын іске асыру арқылы қоғамды, электрондық үкімет шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін, электрондық төлеу құралдарымен қамтамасыз ету. Электрондық үкіметтің онлайн-төлемдерінің толық тізімімен мында танысуға болады.

АКМ баспасөз қызметі

Тел: 74-03-43


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы