Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

14.02.2019 г.
О снижении тарифов на услуги телефонной связи и интернета

Интернет пен телефон байланысы қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жедел кеңесінің хаттамасының 2 тармағын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлікпен ірі байланыс операторларының («Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Казтранском» АҚ, «Кселл» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС) қатысуымен интернет пен телефон байланысы қызметтеріне тарифтерді төмендету мәселелері бойынша кеңес өткізді, оның қорытындысы бойынша 2019 жылғы 1 қаңтардан  бастап халық үшін қолжетімді жаңа тарифтік жоспарлар енгізілетін болады.

«Қазақтелеком» АҚ 2019 жылғы 1 қаңтардан  бастап айына ҚҚС-мен 3 499 теңгеге жаңа тарифтік жоспар пакетін енгізді, бұл бұрын қолданыста болған ең төменгі тарифтен 5,4 % төмен (бұрын «Ең төмен» ең төменгеі тарифтік жоспар айына 3 699 теңге тұратын). Жаңа тариф жылдамдығы       10 Мбит/с дейінгі интернет қызметі (бұрын 3 Мбит/с дейін болатын) мен Қазақстан бойынша лимитсіз қоңырау шалу телефон байланысы және Алтел мен Теле2  желілерінде қоңырау шалу қызметтерін қамтиды.

«Казтранском» АҚ ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап «халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы» үшін абоненттерді байланыс қызметтеріне қосу бойынша жұмыстарды жүргізуге 50 % жеңілдікті, сондай-ақ  телефонның абоненттік төлемі үшін ай сайын 10 % жеңілдікті және интернет қызметтеріне абоненнтік төлем үшін 15 % жеңілдікті қамтитын ерекше шарттар ұсынады.

«Транстелеком» АҚ 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жасы бойынша зейнеткерлер, ҰОС қатысушылар мен мүгедектер және оған теңелген адамдар үшін Инртернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне 5 % жеңілдік ұсынады.

«Кар-Тел» ЖШС «Әлеуметтік», «Әлеуметтік плюс» тарифтік жоспарларының тізімі әзірленгенін хабарлаймыз. Аталған тарифтік жоспарлар бойынша абоненттерге мобильді байланыс қызметтері алдын ала төленген қызметтердің көлеміне байланысты 590 теңге және одан жоғары бағада ұсынылады.

«Мобайл Телеком сервис» ЖШС «Қолжетімді» жаңа тарифтік жоспарын енгізгені туралы хабарлады. Аталған тарифтік жоспары бойынша Теле2 абоненттері төлем үшін желі ішінде тегін қоңырау шалу және басқа байланыс операторларының желілеріне қоңырау шалу 11 теңге болатын қызметтерді ала алады. Сондай-ақ компанияяы «Күнделік» ақпараттық жүйесіне тегін қол жеткізу мәселесін пысықтауда.

«Кселл» АҚ Кселл абонеттері болып табылатын 1 және 2-топтағы мүгедектерді бұрын тек Актив абоненттеріне қолжетімді болған бағасы тиімді «Особый» тарифтік жоспарына қосу мүмкіндігі туралы ақпаратты ұсынды.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы