Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

20.06.2016 г.

Қазақстанда цифрлық эфирлік телевизия арналарын шифрлауға арналған шартты қолжетімділік жүйесі жойылады

Телерадио хабарларын тарату саласындағы Ұлттық оператор – «Қазтелерадио» АҚ еркін қолжетімді арналарға шартты қолжетімділік жүйесін (ары қарай – ШҚЖ) өшіру бойынша жұмыстар жүргізді. Жүйе бұрын цифрлық эфирлік телевизия сигналын кодтау мақсатында енгізілген болатын.

Бұл шешім Қазақстан Республикасы нарығын тиісті стандарттағы қабылдағыштардың барлық түрлеріне ашуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, олардың бағасын төмендетеді. Әлбетте, қабылдағыштардың арзандауы отандық телеарналарды көруді бұрынғыдан да қолжетімді етпек. Сонымен қатар, енді қабылдағышыңызды белсендіру үшін Call-орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Бұл да цифрлық эфирлік хабар тарату желісіне қосылу үдерісін анағұрлым жеңілдетеді.

Бұған дейін ШҚЖ техникалық, есепке алу және сервистік мақсаттарда пайдалану үшін енгізілген болатын. Оның үстіне, цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі тұтынушыларын есепке алу, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына атаулы көмек көрсетуді қамтамасыз етіп, сигнал сапасын бақылауға, трансшекаралық хабар тарату мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік беретін. Алайда қазіргі уақытта қабылдағыштардың құны мен желіге қосылудың жеңіл болуы одан да маңызды факторлар болып табылады.

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылдың шілде айында Қазақстанда цифрлық эфирлік телевизия желісі алғашқы рет Қазақстанның 5 қаласында іске қосылған болатын. 2013 жылы жобаны енгізудің екінші кезеңі аясында цифрлық эфирлік телевизия барлық облыс орталықтары мен Маңғыстау облысында толық жұмыс істей бастады.

Бүгінде «Қазтелерадио» АҚ 336 радиотелевизиялық стансаны іске қосты, соның нәтижесінде республика халқының 72%-ын немесе 11,5 миллион адамды цифрлық эфирлік хабар таратумен қамту қамтамасыз етілді. Аналогты желі 1220 радиотелевизиялық стансаның көмегімен жұмыс істеп тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, «Қазтелерадио» АҚ-на қарасты «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясы абоненттерінің саны 1 миллионнан, цифрлық эфирлік телевизия абоненттерінің саны 200 мыңнан асқан.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы