Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

02.06.2018 г.
В Казахстане началось обучение граждан цифровой грамотности

Қазақстанда халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту жұмыстары басталды

<--break->

1 маусымнан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін оқыту курстары басталды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір  бағыты – адам капиталын дамыту мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде Холдингі» АҚ-мен бірлесіп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқу - әдістемелік бағдарламаларын әзірледі.

Іс-шара барысында еліміздің әрбір өңірінде халыққа цифрлық сауаттылықтың негізгі қағидаоарын үйрету бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

      «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» курсы бойынша оқыту әдістемесі мен  жоспары жасалды, оның көмегімен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарлануда. 2018 жылдың маусымынан тамыз айына дейін «ҰАТ» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Зерде» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, шамамен жарты миллион адамды цифрлық сауаттылыққа үйрету көзделген.

Сондай-ақ еліміздің барлық облыс орталықтарында сандық қызмет көрсету орталықтарын іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасауда.

Мұндай орталықтардың ерекшелігі - сағаттық кестеге сәйкес өткізілетін тақырыптық сабақтармен цифрлық сауаттылық сабақтарының болуы. 2018 жылдың 4 айында осы сыныптарда 3,6 мыңнан астам адам оқытылды. 2018 жылдың басынан бастап шамамен 10 мың адам мемлекеттік және жеке меншік оқу орындарында (университеттер, колледждер және т.б.) білім алды.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қоғамдық орындарда (сауда орталықтарында, теміржол вокзалдарында, әуежайларда, соттарда және т.б.)  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ақпараттық-түсіндіру және электрондық үкімет порталының қызметтерін пайдалануды үйрету жұмыстары ауқымды түрде жүргізілуде.

Оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1. «Негізгі сандық дағдылар» бойынша. Дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, Интернетті, қауіпсіздікті және деректерді қорғауды сенімді қоса алғанда, негізгі сандық икемділік

2. «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» бойынша. «Электрондық үкіметті» пайдаланудың дағдылары, соның ішінде үйден шықпай-ақ «онлайн» түрде қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді алу.

3.  «Ашық үкімет» бойынша. «Ашық үкімет» (ашық деректер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог және бюджет) төрт компонентін пайдалануды қамтитын «Ашық үкімет» қолдану курстары.

4. «Электрондық коммерция» бойынша. Интернетте өнімдер мен қызметтерді сатып алу, сату және тарату дағдыларын қамтитын электрондық коммерция курстары.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуір-мамыр айларында «Зерде Холдингі» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» және «ҰАТ» АҚ мамандары Қазақстанның барлық өңірлерінде тренерлермен тренинг өткізді, олар өз кезегінде халықты цифрлық дағдыларға үйретеді. Оқыту курстары 1 немесе 4 бағыт бойынша өз біліктілігін жетілдіргісі келетіндерге тегін беріледі. Бүгінгі күні еліміз бойынша 880 сертификатталған жаттықтырушы дайындықтан өтті.

Курстар 2018 жылдың 1 маусымында басталады және Қазақстанның барлық аудандарында (аудан орталықтарында, ауылдарда және елді мекендерде) мектептер мен кітапханалар базасында өтеді. Аймағыңыздағы өтетін курстардың уақыты пен мекен-жайын нақтылау үшін 1414 нөміріне хабарласыңыз.

Жалпы, 8 миллион адамның цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарланып отыр.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы