You are here

Жаңалықтар

05.07.2018 г.
В Казахстане впервые пройдет международное отраслевое событие в мире медиа, приуроченное к юбилею столицы

Қазақстанда тұңғыш рет елорда мерейтойына орайластырылған медиа әлеміндегі халықаралық салалық шаралар өтеді

Елорданың 20 жылдық мерейтойы күніне орай 2018 жылғы 10-12 шілдеде Астана қаласында «Азия медиа диалогы» жалпы лозунгының аясында бірқатар ауқымды іс-шаралар өтеді. Олардың шеңберінде семинарлар, конференциялар, сонымен қатар Азия радиосының ән фестивалі өткізіледі. Іс-шаралардың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Азия және Тынық мұхит хабар тарату одағы (АТМХТО), «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы. Бірігіп ұйымдастырушы - «Астана Конвеншн Бюро».

Медиа саласындағы басшылар үшін семинарлар күн тәртібіне жоқтан радио форматын жасауға, аудиторияны және оны зерттеу құралдарын бағалауға, Еуропа мен Азияның медиа нарықтарының интерактивті үлгілерін және озық тәжірибелерін көрсету арқылы контентті әртүрлі аудиторияға тарататын көпплатформалы және бірплатформалы бағдарламаларды қолдануға қатысты мәселелер көтеріледі. Бұдан басқа, алғаш рет Қазақстанда ең ірі салалық конференциялар өткізілетін болады, олардың біреуі Азия радиосының мәселелеріне арналған. Азия мен Еуропа медиасына ортақ мәселелерді талқылау мақсатында түйіндеуші оқиға «Media-2020» конференциясы болады. Аустралия, Бельгия, Германия, Жапония, Қытай және Еуропа мен Азияның басқа елдерінің жеке әрі ұлттық теле- және радиокомпанияларының жетекші өкілдері модератор болады.

Азия-Тынық мұхит өңірі елдерінің жыл сайынғы ән сайысы болып табылатын, «Еуровидение» сайысы секілді ABU Radio Song Festival ән фестивалі АТМХТО-ның елорда тұрғындарына Астана мерейтойын тойлау құрметіне орай ерекше сыйлығы болады. Биыл Қазақстан Орталық Азияда осы фестивалді қабылдайтын бірінші ел. Фестивальға Түркия, Непал. Мальдивтер, Қазақстан және т.б. елдер өкілдері қатысады. Іс-шара Қазмедиа орталығының киноконцерттік залында ұйымдастырылады. Фестивальді қарауға еркін кіруге болады.

Іс-шараның аса маңызды қонақтары беделді медиалық үкіметтік емес мекемелердің басшылары болады, олардың ішінде АТМХТО және COPEAM (Жерорта теңізі хабар таратушыларының қауымдастығы) бас хатшылары, Араб хабар таратушылары қауымдастығының басшылары, әлемде тыңдаушылар аудиториясы ең үлкен радио – Үндістан радиосын  қоса алғанда, Азия мен Еуропаның телерадио хабар тарататын компаниялары. Осылайша,  АТМХТО желісіндегі іс-шаралар Қазақстандағы оқиғалық туризмді дамытуға бағытталған аса маңызды имидждік жоба болады.

АТМХТО 3 миллиардтай адам аудиториясын қамтитын әлемнің ең ірі және тығыз орналасқан өңірі – Азия мен Океанияның 69 елінің 292 хабар тарату ұйымдарын біріктіретін коммерциялық емес кәсіби қауымдастық болып табылады. Хабар таратушылардың өңірлік және халықаралық достастығын нығайтуға және олардың қызығушылықтарын ілгерілетуге себептесетін мұндай беделді ұйыммен ынтымақтастық жасау Қазақстанның отандық өнімінің сапасын жоғарылатуға және бағдарлама жасау мен жаңалық алмасу бойынша әлемдік тәжірибені үйренуге жол ашады.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы