You are here

Жаңалықтар

28.06.2018 г.
Казахстанские стартапы попали в Топ-100 лучших стартапов Юго-Восточной Азии

Қазақстандық стартаптар Оңтүстік-Шығыс Азияның ең үздік 100 стартапының қатарына кірді

Қазақстандық стартаптар Оңтүстік-Шығыс Азияның ең үздік 100 стартапының қатарына кірді және 2018 жылғы 28-29 маусымда Сингапурдағы Echelon Asia Summit ірі технологиялық алаңында венчурлық инвесторлардың алдында сөз сөйлейді.

Сингапурлық инвесторлар қазақстандық жобаларды Astana Hub Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Smart Zholy» бағдарламасы аясында таңдады.

Алты отандық стартап-жобалар Қазақстанды Echelon Asia Summit алаңында таныстырады:

  1. «Nommi» жеке Wi-Fi роутері;
  2. «Game of Drones» көппайдаланушылы кросс-платформалық онлайн ойын: әлемнің түрлі бөліктеріндегі ойыншылар әуе дрондарын басқару арқылы бәсекелесе алады;
  3. «KazMotors» Қазақстандағы автобөлшектердің алғашқы мобильді нарығы;
  4. жасанды интеллект негізінде өнімді әзірлейтін компания - «AILabs»;
  5. білім беру, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлік қызмет саласындағы жастар үшін мүмкіндіктер порталы - «Neupusti»;
  6. «OKauto» айыппұлдарды онлайн тексеру және төлеу.

Game of Drones, AILabs және KazMotors жобалары Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптардың технопаркінің акселерация бағдарламасының түлектері.

Сингапурға сапар аясында қазақстандық командалар Оңтүстік-Шығыс Азияның 20-дан астам венчурлық қорының, оның ішінде 500 Startups (АҚШ) және Golden Gate Ventures-тің (Сингапур) өкілдерімен кездеседі.

Бұдан бөлек, Facebook және Google халықаралық IT-компаниялардың кеңселеріне, сондай-ақ Сингапурдың Ұлттық университетіне бару жоспарлануда. Сапар аясында қазақстандық делегация еліміздегі стартап экожүйені дамыту бойынша кеңестер алады және IT-кәсіпкерлікті жүргізу әдісімен танысады.

Echelon Asia Summit - Азиядағы стартаптар, технологиялар және инновациялар саласындағы ең ірі іс-шара. Саммитке әлемнің 30 елінен 5000-нан астам қонақ, 400 инвестор және 100 ең үздік стартап команда қатысады.

Іс-шара шеңберінде Азия елдеріндегі инновацияларды дамыту бойынша мемлекеттік агенттіктердің басшыларына арналған форум ұйымдастырылады, онда Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің тұсаукесері өтеді.

Echelon Asia Summit-іне қатысу отандық жобаларды Оңтүстік-Шығыс Азия нарығы деңгейінде кеңейтуге және Қазақстанға инвестиция тартуға мүмкіндік береді.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы