You are here

Жаңалықтар

22.06.2016 г.
opengov

Қазақстанның Ашық деректер порталында жаңа деректер жиынтығы орналастырылды

Ағымдағы айдың басынан бері Қазақстанның Ашық деректер порталында 300-ден астам деректер жиынтығы орналастырылды.

Портал қонақтары мен пайдаланушылары енді Ұлттық Банк, Ұлттық Экономика Министрлігі, Ішкі Істер Министрлігі, және де Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдіктері мен басқа да орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қамтамасыз ететін өзекті ақпаратпен еркін таныса алады.

Атап айтқанда, Ұлттық Банк инвестициялық портфельді басқару бойынша жұмыс істейтін ұйымдардың шоғырландырылған пайда мен шығындар есебін және де  экономиканың секторлары мен аймақтық тұрғыдағы банк несиелерінің деректерін жариялады.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, басқа заттардың арасында, аймақтағы мүлікті заңдастыру туралы ақпаратты ұсынды, ал Қарағанды облысының әкімдігі болса әкім әкімшілігінің бос лауазымдары бойынша деректерді жариялады. Жалпы алғанда, қазіргі таңда data.egov.kz порталында 1000-ға жуық түрлі деректер жиынтығы қолжетімді.

Анықтама үшін: Ашық деректер – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлттық жоспарының аясында енгізіліп отырған Ашық үкіметтің компонеттерінің бірі. Ашық деректер порталында еркін қолданыста жүретін, одан әрі авторлық шектеусіз републикацияға пайдаланатын, патентсіз және тағы да бысқа бақылау механизмдері жоқ мемлекеттік органдарының деректер жиынтығы орналастырылады.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы