Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

30.06.2016 г.
Составлен портрет пользователя электронного правительства Казахстана

Қазақстанның электрондық үкіметінің пайдаланушысының портреті құрылды

Электрондық үкімет порталының белсенді пайдаланушыларының деректерінің талдауны негізінде  Қазақстандық eGov-тың орташа пайдаланушысының келбеті құрылды.

Анықталғандай, порталды қолданатын адамдардың көпшілігі әйел адамдар болып щықты (59%-ға жуық), ал ер кісілер саны болса 41% -дан сәл жоғары екен.

Бұған қоса, көбінесе eGov-ты шолып шығатын адамдар 25 пен 34 жастар арасындағы азаматтар тобы екені белгілі болды (жалпы алғанда 48%). Аға буын да едәуір белсенді болып келеді, шамамен пайдаланушылардың 15% - 45 пен 64 жастар аралығындағы азаматтар, 2% - 65-тен жоғары.

Облыстар бойынша пайдаланушылық белсендігінің талдану нәтижелері де өте қызықты. Белсенділік мекендерінің рейтингіснің көшбасшысы Алматы болып табылады, онда электрондық үкімет порталында тіркелген барлық пайдаланушылардың 28% шоғырланған. Екінші орында Астана (18%), ал одан кейін Қарағанды облысы (9%-ға жуық) тұр. Белсенділігі бойынша ең нашар көрсеткіш Жамбыл облысында – 1%-дан төмен.

Қазіргі таңда, eGov-қа 5,3 млн. адам тіркеліп үлгерді, ол дегеніміз Қазақстанның экономикалық тұрғыдағы белсенді халықының жартысынан астамы. Порталда 240 электрондық қызметтер мен сервистер қол жетімді, электрондық үкімет инфрақұрылымы іске қосылғалы ол арқылы 136 миллион қызмет көрсетілді.

* 2016 жылдың ІІ тоқсанына қарай


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы