You are here

Жаңалықтар

03.07.2017 г.
Казпочта будет доставлять газеты и журналы в день выхода

Қазпошта газет-журналдарды күнбе-күн жеткізбек

Аталған шешім ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Қазпошта» АҚ-ның Басқарма төрағасы Сакен Сарсеновтің республикалық БАҚ  басшыларымен кездесу қорытындысында қабылданды.

Д. Абаев өзінің кіріспе сөзінде Пошта қызметінің маңыздылығын ерекше атап өтіп былай деді: «Бүгін біз мерзімді баспа басылымдарын оқырман қауымға жеткізу мәселесін талқылау үшін бас қосып отырмыз. Өйткені, баспа басылымдары мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің маңызды құралдарының бірі болып табылады».

Министрлік БАҚ саласындағы уәкілетті орган ретінде баспа басылымдарын жеткізу мәселелерін жан-жақты зерттеп келеді.

Осыған орай, бүгінгі кездесуді «Қазпошта» АҚ өкілдері және республикалық газеттердің бас редакторларының, яғни барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ұйымдастырып отырмыз.

Мерзімді баспасөз басылымдарын (МББ) жеткізу сапасымен байланысты мәселелерді талқылау барысында Сакен Сарсенов МББ-ны уақытында жеткізуге кедергі келтіретін факторларды атап өтті және осы жағдайды шешу үшін бірқатар шараларды ұсынды.

«Бүгінгі таңда Қазпошта Қазақстан бойынша барлық мерзімді баспасөздің 82%-ын жеткізеді, бұл дегеніңіз 134 млн. газет пен журнал. Газет-журналға жазылушылардың 70%-ы ауылдарда тұрады, ал балама компаниялар ауыл жазылушыларына МББ-ның не бары  10%-ын жеткізеді. Бұл ретте есептеулер біздің тарифтеріміздің аталған қызметтің тіпті өзіндік құнын да жаба алмайтынын көрсетеді және соңғы 4 жылда мерзімді басылымды жеткізуге кеткен шығын   17,6 млрд.теңгені құрады. Мерзімді басылымдарды жеткізу мерзімін үнемі тұрақты ұстау мүмкін емес, себебі кейбір облыстарда типография жоқ, көптеген газеттер Алматы мен Астана қалаларында басылады және бүкіл Қазақстан бойынша  жер үсті көлігімен жеткізіледі, ал оның бір күнде келе қоюы мүмкін емес. Абоненттік жәшіктер мен пошташылар домофонына қолжетімділіктің болмауын атап өтпей          болмайды, – деді Қазпошта басшысы Сакен Сарсенов.

Сондай-ақ ол, егер 2016 жылдың басында газеттердің тек 39 %-ы шыққан күні жеткізілген болса, қазір бұл цифр  90,2%-ға дейін өскенін атап өтті. Жылдың басында ауылдарға газет шыққан күні 12%-ы жеткізілсе, ал қазір – 48%.

«Бірқатар шаралар нәтижесінде аудандарға таралымның 99%-ы шыққан күні, ал  1% келесі күні жеткізіледі деп үміттенеміз. Ауылдарға газет-журналдардың 68%-ы шыққан күні, ал 32%-ы алыс ауылдарға келесі күні  жеткізілетін болады.  Осы үшін ҚР АКМ-нен республикалық басылымдар иелерінің облыс орталықтарына баспасөз пунктін құру мәселесіне көмек көрсетуін сұраймыз. Орталықсыздандырылған баспасөз пункттерінен басқа, редакция иелеріне басылымды типографиядан басылып шыққан күні 24 сағатқа дейін Қазпошта объектілеріне жеткізіп беруін ұсынамыз. Сонымен бірге, Қазпошта жоспарында хат-хабарлар тасу жиілігін аптасына 3 реттен 5-6 ретке дейін арттыру бар, – деді Сарсенов.

Айта кетейік, өткен жылы қабылданған «Пошта туралы» ҚР Заңында үйлерді абоненттік жәшіктермен қамтамасыз ету және оларды тиісті пайдалану мәселесі бойынша жергілікті атқару органдарының ЖПК-мен жұмысы туралы норма айтылған. Сондай-ақ 2016 жылы Қазпошта бюджетінен пошташылар үшін әмбебап кілттер сатып алуға   4,354 млн.теңге бөлінген.

Сондықтан мерзімді баспасөз басылымдарын жеткізу сапасын арттыру үшін ҚР АКМ-не ҚР Президент әкімшілігімен бірге жергілікті атқару органдары мен ЖПК-ның «Пошта туралы» ҚР Заңының жоғарыда аталған нормаларын іске асыру мәселесін пысықтау ұсынылған болатын. Атап айтқанда, абоненттік пошта жәшіктерін түгендеу, орнату және жөндеу, жаңа тұрғын үйлерді  абоненттік пошта жәшіктерімен және пошташыларға арналған әмбебап кілттермен қабылдау бойынша жұмыс жүргізу қажет.  

Отырыс қорытындысы бойынша газет-журналдарды типографиядан Қазпоштаның өндірістік объектілеріне басылып шыққан күні 24 сағатқа дейін тасымалдау, облыс орталықтарынан аудандық тораптарға және пошта байланысы бөлімшелеріне пошта тасымалдау жиілігін арттыру жөнінде шешім қабылданды (аптасына 5-6 ретке дейін). Сондай-ақ баспасөз БАҚ иелері облыс орталықтарында қосымша баспасөз пункттерін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырмақ. ҚР АКМ өз құзыреті мен өкілеттігі шегінде көрсетілген проблемалық мәселелерді шешуде барынша көмек көрсетеді.  

Өз кезегінде Қазпошта МББ тарататын бөлімшелер санын мүмкіндігінше арттыру жөнінде жұмыстарын жалғастыра бермек. 


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы