Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

19.07.2019 г.
Министр информации и общественного развития РК Д.Абаев принял участие во второй Министерской конференции по продвижению свободы вероисповедания

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев Діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі екінші министрлік конференцияға қатысты

2019 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның бастамасымен шақырылған Діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі екінші министрлік конференцияның жұмысына қатысты.

Іс-шараға әлемнің 115 елінен келген сыртқы саяси ведомстволардың басшылары, сондай-ақ 1000-нан астам діни көшбасшылар мен азаматтық белсенділер қатысты. Бұл форум қатысушылар саны мен құрамы бойынша ең көп өкілдіктерімен ерекшеленді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған елдің жаңа басшылығы Қазақстанның діни сенім бостандығын және адамның іргелі құқықтарын қамтамасыз ету қағидаттарын ұстанатынын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қазақстанның Үкіметі діни бірлестіктердің қызметі және конфессияаралық диалогты нығайту үшін қажетті жағдайларды жасау жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті.

Д. Абаев Конференцияға қатысушыларды конфессияаралық диалогты ілгерілету және әртүрлі конфессия ұстанушыларының арасында өзара түсінісуге көмектесу жөніндегі келісілген шешімдерді талқылау үшін бірегей алаңға айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізудегі Қазақстан тәжірибесі туралы хабардар етті.

Министр сондай-ақ Қазақстанның экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, соның ішінде ҚР азаматтарын Сириядағы жауынгерлік іс-қимыл аймақтарынан репатриациялау және олардың қазақстандық қоғамға кірігуі жөніндегі күш-жігері туралы айтып берді. Ол біздің еліміздің осы саладағы білімі мен тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтты.

Өз сөзіннің соңында Министр Қазақстанның адам құқықтарын қорғау және әлемдегі діни еркіндікті қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа әрқашан ашық екенін атап өтті.

Конференция шеңберінде Д.Абаев АҚШ Елшілігінің халықаралық діни бостандықтары бойынша арнайы тапсырмалар жөніндегі Елші С.Браунбэкпен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Демократия, адам құқықтары және еңбек мәселелері бойынша көмекшісінің орынбасары М.Келлехермен келіссөздер жүргізді. Тараптар конфессияаралық келісім, экстремизмге қарсы тұру және азаматтық қоғамды дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Гуманитарлық күн тәртібіндегі осы және басқа да мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы