Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

08.06.2018 г.
Церемония награждения победителей конкурса на лучшие идеи для социальных роликов «Ниет»

Әлеуметтік бейнероликтердің ең үздік идеяларына арналған «Ниет» байқауының жеңімпазының сценариі бойынша түсірілген бейнеролик таныстырылды

Бүгін Астана қаласында Ақпарат және коммуникация министрлігі және «Ниет» қайырымдылық қоры ұйымдастырған әлеуметтік бейнероликтердің ең үздік идеяларына арналған «Ниет» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың бас жүлдесі - бір миллион теңге және режиссер Ақан Сатаевтың жетекшілігімен әлеуметтік бейнеролик түсіру мүмкіндігі алматылық Дмитрий Галабирге бұйырды. Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев жеңімпазға диплом мен сыйлықты табыс етті.

Екінші орын және Apple MacBook ноутбукті Қуаныш Омаров иеленді. Үшінші орын және Canon фотокамерасы Ринат Тұрғанбековке табысталды. Сонымен қатар, үздік сценарийлердің жеті авторы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарын алды.

Іс-шара барысында Дмитрий Галабирдің сценарийі бойынша түсірілген әлеуметтік бейнероликтің таныстырылымы өтті.. Бейнероликтің сюжеті бала тәрбиесінде және мотивациясында ата-ананың алатын рөлі мен баланың кішкентайынан армандаған қиялының өсе келе шындыққа айналуы мүмкін екендігі туралы.

Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындарынан әлеуметтік бейнеролик идеясы байқауына қатысу үшін ең өзекті тақырыптар бойынша 600-ден астам сценарийлер келіп түсті. Негізгі жұмыс бағалау критерийлері сценарийдің өзектілігі, ерекшелігі және тұтастығы болды. Байқауға қатысқан жұмыстарды: режиссер Ақан Сатаев АҚ, «Қазақстан» ТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин, «Хабар» агенттігі» Ажибаев Алан Газизович, Медиа мектеп жетекшісі Махаббат Есен т.б. құралған қазылар алқасы таңдады.

2017 жылы Ақпарат және коммуникация министрлігінің тапсырысы бойынша 131 бейнеролик түсірілді.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы