Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

12.12.2018 г.
Опубликован проект совместного приказа «Об утверждении Методики оценки эффективности деятельности государственных органов»

«Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен «Ұйымдастырушылық даму» блогы бойынша «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірлескен бұйрығының жобасы әзірленді.

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 39-тармағына сәйкес әзірленді.

Жоба орталық мемлекеттік және жергілікті  атқарушы  органдарының  «Персоналды басқару» және «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыттары бойынша ұйымдастырушылықты дамыту жөніндегі қабылданған шараларының тиімділігінің өлшемдерін айқындауға арналған.

Жоба 2018 жылғы 26 қарашада «Ашық НҚА» интернет - порталында http://legalacts.egov.kz «Ақпараттық технологиялар» бөлімінде орналастырылды.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы