Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

22.06.2018 г.
Представители министерств, средств массовой информации и общественных организаций обсудили вопросы развития медиаобразования

Министрліктер, ақпарат құралдары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері медиабілімнің даму мәселелерін талқылады

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың төрағалығымен медиабілімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық жиналыс өтті.

Кездесуге салалық министрліктер өкілдері, жоғарғы оқу орындарының «Тілші» кафедраларының меңгерушілері, медиа ассоцияциялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында медиа-индустрияның өкілдері елдегі бұқаралық ақпарат құралдары нарығындағы жағдай және медиа саласындағы кәсіптік стандарттар, «тілші» мамандығындағы әлемдік үрдістерді, сондай-ақ заманауи медиа нарығының сұраныстарына университеттердің дайындаған мамандарының кәсіби біліктілігінің сай болуы мәселелері талқыланды.

Министрліктің тілшілердің біліктілігін арттыру үшін тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Шетелдік тәжірибе алмасу және тілшілердің әртүрлі халықаралық медиа-форумдарына, конференцияларға қатысуын ұйымдастырылады.

2013 жылдан бастап «Қазмедиаорталы» базасында медиа-мектеп жұмыс істейді, оның аясында семинарлар мен бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандардың қатысуымен лекциялар өтеді. Отандық журналистика саласының мамандарын ынталандыру мақсатында «Тұмар» және «Үркер» жүлделері тағайындалған, «Астана медиа апталығы» медиа апталығы мен өңірлік БАҚ форумы өткізіліп тұрады.

Министрлік тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарының мамандарына арналған заманауи кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Атап айтқанда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарынан қажетті білім, дағдылар мен құзыреттер бойынша ұсыныстар жасалды. Бұл жұмыс заңмен белгіленген тәртіпте жалғасады.

Кездесу соңында қатысушылар бірлескен университеттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Сонымен қатар, «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған «Медиа этика» кітабы таныстырылды.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы