You are here

Жаңалықтар

14.06.2017 г.
Награждение чемпионов WSIS Prizes-2017

WSIS Prizes-2017 чемпиондарын марпаттау

Женева қаласында (Швейцария) Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі Дүниежүзілік кездесу Форумы шеңберінде WSIS Prizes-2017 халықаралық конкурстың жеңімпаздары мен чемпиондарының марапаттау салтанаты өтті. Қазақстанның үш жобасы – Электрондық үкімет, Ашық үкімет және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы осы байқаудың чемпиондары атанды.WSIS Prizes-2017 беделді конкурсына әлемнің әртүрлі елдерінен 345 жоба қатысып, дауыс беру мен әділқазылар алқасының сарапшылық бағасының қорытындысы бойынша 90 жоба өз санаттарынының үздік бестіктер қатарына ілікті.

Халықаралық байқау 18 санат бойынша өткізілді. «Электрондық үкімет» санатында Қазақстанның электрондық үкіметі (eGov.kz) және Қазақстанның ашық үкіметі (Open.egov.kz), ал «Мемлекеттік басқару органдары мен мүдделі тараптардың дамыту мақсатымен инфокоммуникациялық технологияларды қолданудағы рөлі» атты санатында «1414 Бірыңғай байланыс орталығы» жобалары қатысты.

WSIS Prizes-2017 конкурсы 4 деңгей бойынша өткізілді: өтінімдерді қабылдау, сарапшылар тобымен байқаудың номинанттарын анықтау, онлайн дауыс беру жүргізіп әр санат бойынша ең үздік деген бестікті іріктеу, жеңіске жеткен жобаларды анықтау.

Анықтама:

WSIS - ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейлі Дүниежүзілік кездесу Форумы – инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы ірі шаралардың бірі, күллі әлем бойынша ықпалды IT-сарапшылары диалог жүргізетін алаңы. Жан-жақты өткізілетін кездесуге мемлекеттік басқару органдарының, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жекеше сектор мен азаматтық қоғамның өкілдері қатысады. Форумның басты мақсаты – әрбір азамат ақпарат жасап, деректермен еркін алмаса алатын әрі барлығына қолжетімді ашық ақпараттық қоғам құрудағы басты мақсаттарды анықтау болып табылады.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы