Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасының ағымдағы жай-күйі бойынша Презентациясына баяндама

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Биылғы Жолдауында Елбасы Қазақстанның үшінші  жаңғыруын қамтамасыз ету міндетін  алға қойғаны белгілі.

Цифрландыру жөніндегі республикалық кеңесте де экономиканың жедел технологиялық дамуын жүзеге асыруалдыңғы кезектегі мәселе екенін атап айтты.

Осы орайда, цифрлық технология арқылы экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үшін ең бірінші халықты сапалы интернетпен қамту маңызды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында айрықша тоқталған мәселенің бірі де -  коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Осыған сай, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ультразаманауи инфрақұрылым құруды көздеген «Цифрлық жібек жолы» бағытын іске асыру қарастырылып отыр.

Соның ішінде бірінші кезекте халықты жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз ету және ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту мәселесі қолға алынуда.

Болжам бойынша бұл жоба электронды сауда-саттықты арттыру, электрондық үкімет қызметтерін, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы интерактивті құралдарды енгізу есебінен ел дамуына елеулі әлеуметтік-экономикалық әсер беруі тиіс.

Слайд 1.

Қазіргі күні Қазақстанның барлық 122 қаласы және шамамен бір мың екі жүз ауылдық елді мекен талшықты-оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізіп отыр.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы,

Сіздің тапсырмаңызға сай, Министрлік болашағы бар 1700-ге жуық ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмысын қолға алуда. Яғни, бұл 2 миллионнан астам тұрғын сапалы интернетке қол жеткізеді деген сөз. Жобада қамтылатын ауылдардың тізімі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, анықталуда.

Жалпы, бұл жоба 2018-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Слайд 2.

Біздің есебімізше, жобаның нәтижесінде 2021 жылға дейін ұзындығы 24 мың километр талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады.

Бұл жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімдерінің Интернетке қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Айта кету керек, Жоба мемлекет пен жекеменшік әріптестігі бойынша іске асырылады деп жоспарланды. Бұл ретте мемлекеттік органдардың байланыс қызметтерін 13 жыл бойы  (2018-2030 жж.) кепілді тұтынуын қамтамасыз ету де қарастырылып отыр.

Слайд 3

Осының нәтижесінде:

- Интернетке секундына 20 мегабитке дейінгі жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз ету;

- шамамен 2000 мектепті интернетпен қамту және денсаулық сақтау мекемелерінде де, жергілікті мемлекеттік органдарда да 1200 нүктеден қосу жоспарлануда.  

Слайд 4.

Жобаны іске асыру үшін Ақпарат және коммуникациялар министрлігі іс-шаралардың атауын және орындау мерзімін көрсете отырып, арнайы жол картасын әзірледі. Бүгінгі күні бұл құжат бекітілді.

Қазіргі кезде Жобаның тұжырымдамасы Ұлттық экономика министрлігімен және Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығымен пысықталуда.  

Назарларыңызға рахмет!

Дата мероприятия: 
Сейсенбі, 26 Қыркүйек, 2017

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы