Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Тезисы выступления на пленарном заседании Сената Парламента РК 21 декабря 2017 год

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құрметті депутаттар!

Бүгінгі күні Министрлік Мемлекет басшысының отандық ақпарат кеңістігі мен коммуникациялық инфрақұрылымды нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бірқатар шараларды қолға алуда.

Осындай маңызды істердің бірі - ақпарат, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу.

Осы орайда, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткен 2016 жылың соңында еліміздің бірқатар заңнамалық құжаттарына толықтырулар енгізуді көздеген заң жобасын қоғамның талқылауына шығарғаны белгілі.

Жаңа технологиялардың қарқынды дамуына сай медиа кеңістікте, байланыс нарығында болып жатқан өзгерістерді заңнамалық тұрғыдан реттеу - кезек күттірмейтін іс. Бұл ең алдымен бүгінгідей ақпаратар тасқыны жағдайында қарапайым азаматтардың мүддесін қорғау тұрғысынан қажет. Сонымен қатар, осы сала субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін атқарылатын шаралар да жеткілікті.

 Заң жобасын дайындау барысында біз жан-жақты талдау жүргізе отырып, осы мәселелердің барлығын қамтыдық.

Құжат бір жыл ішінде қоғамда ашық талқыланды. Министрлік оған барынша мүмкіндік жасады. Парламенттің, қоғамдық бірлестіктер мен журналистер ұйымдарының өкілдерінен арнайы жұмыс тобын құрдық.

Бұдан бөлек, бірнеше рет республикалық, сондай-ақ өңірлік деңгейдегі талқылаулар өтті. Сонымен қатар, азаматтар интернетте де қызу талқылап, ұсыныстарын жолдады.

Жобаны жетілдіру барысында барлық ұсыныс-пікірлер ескерілді.

Қорыта айтқанда, заң жобасында 16 заңға және 6 кодексе 280-нен астам өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр.

Енді заң жобасында көзделген мәселелерге кеңірек тоқталып өтсем:

Біріншіден,

Жобада қарапайым азаматтардың ақпарат саласындағы құқықтарын қамтамасыз ететін бірқатар нормалар ұсынылып отыр. Солардың бірі – тұлға мен редакция арасындағы дәлелсіз ақпаратқа қатысты дау-дамайды сотқа дейін реттеу тәртібі. Өздеріңізге белгілі, қазір ақпараттың таралу жылдамдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Бір ғана жалған дерек санаулы уақытта адамға орасан нұқсан келтіре алады. Сондықтан да біз азаматтарды осындай жағдайдан қорғай отырып, сонымен қатар, мәселені сотқа дейін реттеудің жолын ұсынып отырмыз. Әрине, бұл ретте заңда БАҚ-тың терістеу беруден бас тартып, азаматтың сотқа жүгінуін күту құқығы сақталады.

Тағы бір қарастырылып отырған мәселе - субтитрді және сурдоаударманы қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, ақпарат құралдарында азаматтардың рұқсатынсыз олардың суретін қолдануға арналған талаптар тізбесі бекітіледі.

Мысалы, ендігі жерде қандай да бір тұлға мәдени-көпшілік, спорттық және басқа да іс-шараларға және жұрт алдында сөз сөйлеуге қатысса, журналистер оның суретін рұқсат сұрамай-ақ жариялай алады.

Балаларды зиянды ақпараттан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған нормалар да қарастырылып отыр. Атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды «тазартылған Интернет контентімен» қамтамасыз ету талабы көзделуде.

Бұған қоса, күш көрсету, жәбірлеу салдарынан зардап шеккен бала туралы жеке мәліметтер мен оның суретін баланың өзінің немесе оның заңды өкілдерінің келісімінсіз қолдануды шектеу тәрізді өзгерістер ұсынылып отыр.

Екіншіден,

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қолдау көрсету мақсатында бірқатар өзгертулер енгізілмекші. Мәселен, қолданыстағы заңда болмашы заңбұзушылық үшін ақпарат құралының тиражын тәркілеуден бастап қызметін тоқтатуға дейінгі бірқатар қатаң шаралар қарастырылған болатын. Жаңа жобада осындай әкімшілік жазаларды жеңілдететін немесе алып тастайын нормалар қамтылды.

Баспа БАҚ үшін тағы бір жеңілдік – газеттің немесе журналдың өкілетті органға өткізілетін міндетті данасын енді электронды түрде тапсыруға рұқсат берілмек.

Бұл жеңілдіктердің барлығы бүгінгідей бәсеке күшейген тұста ақпарат құралдары үшін үлкен қолдау екені анық.

В-третьих,

Для эффективного сотрудничества между государственными органами и СМИ расширяется понятие «официального сообщения».

Если сейчас такие сообщения могут публиковать только государственные органы, то в законопроекте предлагается включение в их число государственных учреждений, субъектов квазигосударственного сектора и юридических лиц, являющихся получателями бюджетных средств. Изменены сроки ответов на запросы средств массовой информации.

Предлагается определение в каждом госоргане уполномоченного лица или подразделения по взаимодействию со СМИ с четко очерченным функционалом. Предусматривается, что данные лица или структуры будут подчиняться напрямую первому руководителю. Такие механизмы позволят усилить роль действующих пресс-секретарей и пресс-служб.

Также планируется введение так называемого «правила золотого часа» - в течение 3 часов в случае нарушения жизнедеятельности населения соответствующий уполномоченный орган обязан опубликовать сообщение о текущем состоянии дел по данному вопросу.

В-четвертых,

Для дальнейшего продвижения казахстанского контента планируется в государственных учреждениях обеспечение показа исключительно отечественных телеканалов.

Предусматривается введение в правовое поле лиц, занимающихся распространением в стране так называемых «серых тарелок»

Конкретизируются периоды распределения рекламы на государственном языке.

В-пятых,

Повышение качества услуг связи будет достигнуто за счет предоставления сотовым операторам права на совместное использование выделенных радиочастотных спектров.

В целях упрощения предлагается переведение процесса получения разрешения на эксплуатацию радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств на уведомительный порядок.

Кроме того, предусмотрены нормы, направленные на обеспечение развития информационно-коммуникационных технологий.

В частности, будут усовершенствованы процессы проектирования, создания и экспертизы государственных информационных систем.

Предусматривается регламентирование порядка планирования, реализации, мониторинга и оценки проектов ГЧП в рамках сервисной модели информатизации, а также механизмов обеспечения гарантий для поставщиков путем принятия государственных обязательств.

Отдельный блок выделен вопросам информационной безопасности. Так, планируется создание вертикали национальной системы реагирования на киберугрозы.

В целом, обсуждаемый законопроект представляет собой целый комплекс изменений, направленных на развитие сразу всех указанных отраслей.

Так, проект Закона позволит:

- усилить механизмы защиты прав наших граждан в информационной сфере;

-   совершить качественное изменение в деятельности средств массовой информации;

- увеличить их возможности по доступу к информации;

- обеспечить внутреннюю гармонизацию национального законодательства, что предусматривает более высокое качество его применения.

Құрметі депутаттар!

Тұтастай алғанда, заң жобасы ақпарат, байланыс және ақпараттандыру субъектілері үшін оңтайлы жағдай жасап, олардың одан әрі қарқынды дамуына бағытталып отыр.

Сонымен қатар, сала өкілдері ғана емес, жалпы азаматтарымыз үшін тиімді бірқатар өзгертулер қамтылды.

Заң жобасына қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап беруге әзірміз.

Қолдауларыңызды сұраймын.

Дата мероприятия: 
Бейсенбі, 21 желтоқсан, 2017

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы