Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

2017 жылғы ІІІ-тоқсанында Министрліктегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жай-күйі туралы

Есептік кезеңде Министрліктің қарауына 336 өтініш (жеке тұлғалардан – 200, заңды тұлғалардан – 136), олардың ішінде ҚР Президентінің Әкімшілігінен 24, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен 14, ҚР Парламентінен 8 өтініш келіп түсті. Барлық өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралды. 

Өтініштердің түрлері бойынша – 281-і (83,9%) арыз, 25-і (7,4%) шағым,   29-ы (8,6%) ұсыныс, сұрау салу және т.б. 1-уі иесі бүркемеленген өтініш.

Электрондық үкімет порталы арқылы жолданған өтініштердің көбеюі бойынша оң динамика сақталуда, шағымдар (1,3%) мен қайталанған өтініштердің (2,6%) саны аз ғана төмендегені байқалады.    

Өтініштер сұрақтарының сипаты бойынша келесі негізгі топтарға бөлінеді:

- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша (үшінші тұлғаның e-gov порталынан қызметтерді/дербес мәліметтерді алуы, ХҚКО жұмысын ұйымдастыруды жақсарту, жер кадастры және жер қатынастары мәселелері);

- ұялы байланыс қызметтерінің сапасы және тарифтері бойынша;

- ақпарат және коммуникациялар саласындағы заңнамаға түсіндірме беру бойынша.

Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдау жай-күйі туралы

Есептік кезеңде Азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес Министрліктің басшылығы 5 адамды қабылдады, 3 өтініш бойынша қабылдау барысында түсініктеме берілді, ал 2 өтініш бойынша жазбаша жауап берілді. 

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы