Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары

1.  Бақылау іс-шаралары барысында қаралатын мәселелер тізбесі:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын сақтау;

2) мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету;

3) лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне және оның нәтижелеріне мемлекеттік қызмет алушыларының шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтінішке негіз болатын себептер мен жағдайларды жою бойынша кешенді шараларды қабылдау;

4) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен және аумақтық бөлімшелерімен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының, стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзудың фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті бақылау іс-шаралары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасының мониторингі түрінде жүзеге асырылады.

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді мониторингілеуді «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің қызметкерлері (А.О. Анопьянова және Т.Э. Джамбербаев) құрылымдық бөлімшелер бойынша «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мониторингі ай сайын 10-шы 15-ші күндерге дейін жүргізіледі.

2.   Бақылауға жататын объектілердің тізімі, өткізілетін мерзімдері және жауапты орындаушылары:

 

 

Бақылауға жататын объектілер

Өткізілетін мерзімдер

Жауапты орындаушылар

1

 

Телекоммуникациялар комитетінің Байланыс саласындағы рұқсат құжаттар басқармасы

 

Тоқсан сайын

Мониторинг ЫАЖ-нің түсіріліміне сәйкес

ЭҮМҚД ҚББ басшысы

(ТК БСРҚБ),

ЭҮМҚД ҚББ бас сарапшылары

(ТК БСРҚБ және АК БАҚСРҚБ)

2

Ақпарат комитетінің БАҚ саласындағы рұқсат құжаттар басқармасы

 

Тоқсан сайын

Мониторинг ЫАЖ-нің түсіріліміне сәйкес

ЭҮМҚД ҚББ басшысы

(АК БАҚСРҚБ),

ЭҮМҚД ҚББ бас сарапшылары

(ТК БСРҚБ және АК БАҚСРҚБ)

3

«Электрондық үкіметті» және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасы

Тоқсан сайын

Мониторинг ЫАЖ-нің түсіріліміне сәйкес

ЭҮМҚД ҚББ басшысы

(ЭҮМҚД ЭҮІКЖБ),

ЭҮМҚД ҚББ бас сарапшылары

(ЭҮМҚД ЭҮІКЖБ)

4

 «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ» КЕАҚ

 

Тоқсан сайын

Мониторинг ЫАЖ-нің түсіріліміне сәйкес

ЭҮМҚД ҚББ басшысы,

ЭҮМҚД ҚББ бас сарапшылары

 



3.   Бақылау іс-шараларын аяқтау түрі: бақылау іс-шарасының актісі.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭҮМҚД ҚББ – «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің Қызметтерді бақылау басқармасы;

ТК БСРҚБ – Телекоммуникациялар комитетінің Байланыс саласындағы рұқсат құжаттар басқармасы;

АК БАҚСРҚБ – Ақпарат комитетінің БАҚ саласындағы рұқсат құжаттар басқармасы;

ЭҮМҚД ЭҮІКЖБ – «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасы;

КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» - Коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы».

Орналастырылған: 27.02.2018
Жаңартылған: 27.02.2018

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы