Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 180 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

«Жұмабеков

Арман Дайырұлы

– Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің жауапты  хатшысы (келісім бойынша)»

енгізілсін;

құрамынан А.Н. Жұмағұлов шығарылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті осы бұйрықты қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-миниcтріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                       Д. Абаев

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы