Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 180 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

«Рақымов

Бекзат Рақымұлы

– Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры, хатшы

енгізілсін;

құрамынан Е.Б. Нәшірәлі шығарылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті осы бұйрықты қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-миниcтріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

      Министрдің

міндетін атқарушы                                                          Н. Мауберлинова

 

Дата мероприятия: 
Бейсенбі, 22 қараша, 2018
Орналастырылған: 22.11.2018
Жаңартылған: 22.11.2018

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы