You are here

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» қаулысына өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 65, 428-құжат) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізу»:

аталған қаулымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарында:

6-тармақ 14-1) тармақшамен келесі редакцияда толықтырылсын:

«14-1) Мемлекеттік органдардың серверлік орталығы – «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторының меншігінде, иелігінде немесе пайдалануында бар ақпаратты өңдеу орталығы және серверлік жабдығы»;»;

108-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«108. Қызмет көрсетудің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету үшін:

бірінші сыныптағы ақпараттандыру объектілерінің АБК серверлік жабдығы тек қана МО-ның серверлік орталығында орналастырылады;

екінші және үшінші сыныптағы ақпараттандыру объектілерінің АБК серверлік жабдығы МО-ның серверлік орталығында, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес ЭҮ АКИ операторымен тартылатын, ақпаратты өңдеу орталығында, не осы БТ-да белгіленген серверлік үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкес МО-ның немесе ЖАО-ның жабдықталған серверлік үй-жайында, орналастырылады.»;

131-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«131. МО БКО-ға, МО-ның немесе ЖАО-ның локальдық желісіне, сондай-ақ МО БКО құрамына кіретін, МО-ның немесе ЖАО-ның локальдық желісінің құрамына кіретін техникалық құралдарға сымсыз желілер арқылы қашықтықтан қол жеткізуді, сымсыз қолжетімділікті ұйымдастыруға арналған құралдарды, модемдерді, радиомодемдерді, ұялы байланыс операторларының желілік модемдерін, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына және басқа да сымсыз желілік құрылғыларды қосуға жол берілмейді, МО БКО жабдығын қоспағанда.»;

143 және 144-тармақтар алып тасталсын;

154-тармақтың 2-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«2) серверлік үй-жайда 2 және 3 сыныптарына жататын ақпараттандыру объектілерімен ақпараттандыру объектілерін сыныптауышқа сәйкес 1 сыныпқа, жататын ЭАР, АР, СБӨ, АЖ бір виртуалды ортада, бір серверлік жабдықта, бір құрастыру шкафында немесе тұрағында орналастыруға жол берілмейді;»;

156-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«156. Микроклиматты қамтамасыз ету жүйесі ауаны баптау, желдету және микроклиматтың мониторингі жүйелерін қамтиды. Серверлік үй-жайдың микроклиматын қамтамасыз ету жүйесі ғимаратта орнатылған басқа микроклимат жүйелерімен біріктірілмейді.»

Серверлік үй-жайдағы температура 45 %-дан 55 %-ға дейінгі салыстырмалы ылғалдығы кезінде 20 0С-дан 25 0С дейінгі диапазонда ұсталады.

Ауаны баптау жүйесінің қуаты барлық жабдықтар мен жүйелердің жылу шығару жинағынан артық болу керек. Ауаны баптау жүйесі резервтеумен қамтамасыз етіледі. Серверлік үй-жайдағы ауа баптағыштарды кепілді электрмен қоректендіру жүйесінен немесе үздіксіз электрмен қоректендіру жүйесінен электрмен қоректендіру жүзеге асырылады.

Желдету жүйесі таза ауаның фильтр арқылы кіруін және қысқы уақытта кіретін ауаны жылытуды қамтамасыз етеді. Серверлік үй-жайдағы ауа қысымы көрші үй-жайлардан ластанған ауаның кіруін болдырмау үшін артық ауамен жасалады. Ауаны тарту және шығару желдету жүйесінің ауа өткізгіштеріне өрт сөндіру жүйесімен басқарылатын қорғау клапандары орнатылады.

Ауаны баптау және желдету жүйелері өрт дабылының сигналы бойынша автоматты түрде ажыратылады.

Микроклиматтың мониторингі жүйесі серверлік шкафтардағы және телекоммуникациялық тіреулердегі мынадай климаттық параметрлерді бақылайды:

ауа температурасы;

ауа ылғалдығы;

ауаның тозаңдылығы;

ауаның түтінденуі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                Б. Сагинтаев

 

Орналастырылған: 07.12.2018
Жаңартылған: 07.12.2018

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы