You are here

Ашық НҚА

Ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер)

Ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер) – Ашық үкіметтің тағы бір компоненті болып табылады. Бұл портал қоғамдық бастамаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және де мемлекеттік органдардың шешімдерін сараптауға азаматтардың қатысуын қамтамасыз етеді.  Осыған дейін электрондық үкімет порталында міндетті түрде мемлекеттік қызметтердің стандарттары талқыланған болса, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңының қабылдануының арқасында мемлекеттік қызметтердің стандарттарымен қоса барлық заң жобалары мен НҚА жобалары да міндетті түрде ашық НҚА порталында қоғамдық талқылаудан өтуде.

2015 жылдан бастап осы күнге дейін барлығы 1787 НҚА жобалары мен заң жобаларының тұжырымдамалары қоғамдық талқылаудан өтіп үлгерді.

Енді барлық мемлекеттік органдар өздерінің НҚА жобаларын порталда жарияламақшы, бұған қоса талқылау нәтижелері бойынша есептер де жарияланбақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы