Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Ашық үкімет

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің  дамыған 30 елдердің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды белгілеген. Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, 94-ші қадамда Ашық үкіметті, ал 96-ші қадамда орталық мемлекеттік органдардың статистикалық деректер базасына онлайн-қолжетімділікті жүзеге асыру міндеттері белгіленген.

«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті  мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.

2015 жылдың 16 қарашасында «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңы қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Бұл Заңда Ашық үкімет порталдарында жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру үшін ережелер белгіленген.

Ашық үкімет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау. Бес порталдың ішінен төрт портал қазіргі кезде жұмыс істеуде, ал мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау порталының іске қосуын ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспраланып отыр.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы