Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру тарихы

Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаевтың 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасына қосылған бірден-бір қадамы Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады.

Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 17 қарашада № 408-V “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы қабылданды, оған сәйкес Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне, соның ішінде Мемлекеттік корпорацияның «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимаратты, құрылысты және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызметін жүзеге асыру бөлігінде «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

Одан әрі Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2016 жылғы 29 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» № 39 қаулысын қабылдады. Ол мемлекеттің оның жарғылық капиталында жүз пайыздық қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қосу және қайта құру арқылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму минстрлігі Байланыс,  ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы  Әділет минстрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», Қазақстан Республикасының Ұлттық эконмика министрлігі Құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыруды көздеді.

Қазақстан Республикасының осы қаулысының негізінде 2016 жылғы 7 сәуірде көрсетілген мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды, ол заңмамада белігеленген тәртіпте Астана қаласындағы Әділет департаментінде тіркелді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Уәкілетті тұлғасының 2016 жылғы 08 сәуірдегі № 01 бұйрығымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 70 филиалы және 1 өкілдігі құрылды.

2016 жылғы 29 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің  бірінші отырысы өткізілді, онда қоғамның ішкі құжаттарын бекітумен бірге Басқарма құрамы тағайындалды.

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен «Азаматтарға арналған үкіметтің» ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік корпорацияның Басқарма аппаратына Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясы, Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы, сондай-ақ «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы кірді.

Осылайша, қызметтері жаңадан құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының елімізді мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері ретінде жұмыс істеуін  қамтамасыз етуге бағытталған қоғамның барлық органдары құрылды.

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10

Телефон

  • Қабылдау бөлімі 8 (7172) 95 51 05
  • Кеңсе: 8 (7172) 95 51 77, 95 51 78, 95 51 76 kense_nao@gov4c.kz
  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін әкимшілендіру басқармасы (МӘМС сұрақтары бойынша): 8 (7172) 55-21-00 ішкі 10-537
  • Сенім телефоны +7 700 710 14 14, 8 (7172) 95 51 14
  • Толығырақ ақпаратты https://gov4c.kz/kk/main-kz/ сайтынан алуға болады.  

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы