Букеева Гүлнара СембекқызыБайланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті директоры

Букеева Гүлнара Сембекқызы

1963 жылы 26 қазанда дүниеге келді.

1988 жылы Ташкент электротехникалық байланыс институтын тәмамдады (Инженер-электробайланыс).

1981 жылдан бастап байланыс саласында жұмыс істейді.

2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және Байланыс комитетінің, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитеті, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі, Байланыс департаментінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Лицензиялау және РЖС тағайындау басқармасының, Қазақстан Республикасы Ақпараттар және коммуникациялар министрлігі Байланыс департаменті, РЖС жоспарлау және халықаралық үйлестіру басқармаларының басшы лауазымдарда жұмыс істеді.

2017 жылдың 22 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы  Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Астананың 10 жылдығы» (2008 жылы), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012 жылы) және «Ерен еңбегі үшін» (2013 жылы) медальдарымен марапатталды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы