You are here

Басшылық

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы

Ержан Болатканұлы Нүкежанов 1981 жылы Алматы қаласында туылған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтап, тарихшы, тарих мұғалімі; тарих магистрі біліктілігін алған.

Е.Б. Нүкежанов 2002 жылы еңбек жолын «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ ақпараттық-талдамалық қызметінің редактор-жүргізушісі болып бастаған. 2004 жылы Қазіргі Халықаралық заманауи саясат институтын ақпараттық-талдамалық бөлімінің күнтізбелік өнімдер тобын басқарған,  2005 жылы «Хабар» агенттігі» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы аналитикалық бөлімнің жетекші маманы лауазымына тағайындалған.

2005 жылғы маусымнан бастап 2007 жылғы наурызға дейін «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы» ҚМ орталық аппаратында қызмет атқарған. 2007-2009 ж.ж. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде басшылық лауазымдарға тағайындалған.

2009 жылғы қарашадан 2016 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінде сарапшы, консультант және 4 жыл бойы сектор меңгерушісі ретінде жұмыс істеген. 2016 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары саяси лауазымына тағайындалып, 2018 жылғы қаңтар айына дейін аталған лауазымды атқарып келген.

2018 жылдың 15 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Комитет төрағасының орынбасары

Сүйіндік Ләззат Кеңесқызы 1985 жылдың 26 шілдесінде дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Ұлыбританияның Шейффилд университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі, өнер магистрі) тәмамдаған, сонымен қатар Шеффилд Университеті, Ұлыбритания, ("Болашақ" бағдарламасының стипендианты).

Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

2005 жылы – Қазақстан Республикасы Жастар Конгресі қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері.

2005-2006 жылдары ─ «Парасат» ақпараттық-талдау орталығы біріккен қоғамының бас маманы.

2006-2008 жылдары – Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат департаменті Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің сарапшысы.

2008-2014 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2016 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы қызметінде жұмыс істеген.

2016 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Комитет төрағасының орынбасары

Комиссаров Михаил Александрович 1977 жылдың 3 ақпанда дүниеге келген.

1999 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университетті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1999-2014 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық талдау бөлімшелерінде түрлі лауазымда қызмет етті.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің Ақпараттық кеңістікті мониторингтеу Департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитеті Мониторинг басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директорының орынбасары.

2017 жылдың 10 қантардан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы