Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Басшылық

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы

Ярошенко Виталий Владимирович 1977 жылдың  28 тамызында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша (1999), Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша (2002), Көкшетау экономика және менеджмент институтын ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша (2006) тәмамдаған.

2003 жылдан бастап байланыс саласына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2015-2016 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2016-2017 – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс департаментінің директоры.

2017-2019 – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті, Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылғы ақпанында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары

Худайбергенова Зульфия Каримжанқызы 1969 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген.

Ташкент политехникалық институтын инженер-жүйе технигі мамандығы бойынша (1992), Ташкент педагогикалық институтын педагог - психолог мамандығы бойынша (2000) тәмамдаған.

1999 жылдан бастап байланыс саласында жұмыс істейді.

2014 жылы – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Байланыс департаменті директорының орынбасары.

2014 – 2016 жылдар  – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Телекоммуникация жобаларын дамыту басқармасының басшысы.

2017 – 2018 жылдар – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс департаментінің директоры.

2018 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерекелік медальдармен марапатталған.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы