Кәрібжанова Роза Самидоллақызы

Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры

Кәрібжанова Роза Самидоллақызы 1964 жылдың 5 қарашасында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік университетін, Еуразия гуманитарлық институтын (құқықтану бакалавры), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясат ұлттық мектебін тәмамдаған.

 Еңбек жолын орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып бастаған. Торғай облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Қима аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып жұмыс істеген.

1991 жылдан бастап 2000 жылға дейін Семей облысының жастар мәселелері, білім беру, туризм және спорт жөніндегі мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі лауазымдардағы қызметті атқарған.

Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің консультанты және әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы.

Орталық мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің төрайымы және Жастар саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Тұрмыста. 2 баланы тәрбиелеуде.

2016 жылдың 25 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры лауазымына тағайындалған.

Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары

Жамбайбек Данияр Саматбекұлы 1985 жылдың 1 қыркүйегінде дүниеге келген.

2007 жылы  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын тәмамданды.

2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде педагогика ғылымдарының магистрін тәмамданды.

2014 жылы Тараз иннновациялық-гуманитарлық университетті «құқық» мамандығын тәмамданды.

2008 – 2009 жылдар – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі  Тіл комитеті Жаңа технологиялар, мониторинг және талдау басқармасы сарапшысының м.а., сарапшы.

2009 – 2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыстар және құжат айналымы департаменті  Персоналмен жұмыс, тіл саясатын дамыту және құжат айналымы басқармасы сарапшы, бас сарапшы.

2014 – 2016 жылдар – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Әкімшілік жұмысы департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы.

2016 – 2018 жылдар – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы.

2018 жылдың 23 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы