Садвакасов Архат БахтбекұлыСтратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

Садвакасов Архат Бахтбекұлы 1982 жылдың 2 маусымында дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (2003), Шығыс гуманитарлық институтын (2006) тәмамдаған.

2003-2009 жылдары − Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау жүйесінде сондай-ақ дене шынықтыру және спорт басқармаларында қызмет атқарған.

2009-2012 жылдары − Ақпарат және мұрағат комитетінің бас сарапшысы.

2012-2013 жылдары − «Қазтелерадио» АҚ Тарифтер мен бөлек есепке алу департаменті директорының орынбасары.

2013-2014 жылдары − «Евразия+ОРТ» ЖШС қаржы директоры.

2014 жылы − Байланыс және ақпараттандыру агенттігінің Ақпарат департаменті директорының орынбасары.

2014-2016 жылдары − Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында сараптамалық жұмыстар басқармасының бойынша бас сарапшысы және басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Стратегиялық жоспарлау департаментінің директорының орынбасары

Нұрпейісов Жәнібек Зәкірұлы 1987 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келді.

2009 жылы – С. Сейфулин аттындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін (экономика), 2011 жылы – С. Сейфулин аттындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін (экономика ғылымдарының магистрі), 2014 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (құқық) тәмамдады. 

2009 – 2010 Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы.

2010 – 2012 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетінің сарапшысы.

2012 – 2013 Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (сарапшысы, бас сарапшысы).

2013 – 2017 Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас консультанты.

2017 жылғы 11 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы