Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Хатиев Әнуар Нұрманұлы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры Хатиев Әнуар Нұрманұлы 1982 жылдың 21 сәуірінде дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша (2004), Д.А. Қонаев атындағы университетті құқықтану мамандығы бойынша (2006) тәмамдаған.

2005-2007 жылдары – Ақмола облысының прокуратура органдары.

2007-2014 жылдары – әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы органдарында жұмыс істеді.

2015 жылы − «Бәсекелестік саясатты қорғау және дамыту орталығы» АҚ құқықтық-сараптама департаментінің директоры.

2015-2016 жылдары − Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департамент басшысының орынбасары.

2016 жылдың 2 тамызында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.

2011 жылы − «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

«Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары

Көшербаев Әділет Мұратұлы 1982 жылы 1 қаңтарда Ақмола облысында дүниеге келді.

2004 жылы – «Әділет» Жоғарғы құқық мектебін (заңгер), 2011 жыл – Қазақстан Республиксы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (Заңтану магистрі) тәмамдады. 

2004-2007 –АХАЖ жұмыстары жөніндегі бөлімінде апостиль қою мәселелері жөніндегі бөлімінде, жетекші маман.

2007-2012 – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Кадр департаментінің әртүрлі лауазымдарда қызметті атқарған.

2012-2014 – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитеті ХҚКО қызметін бақылау және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы.

2014 – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту жөніндегі департаменті ХҚКО үйлестіру, бақылау және дамыту басқармасының бас сарапшысы.

2014-2016 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ХҚКО үйлестіру, бақылау және дамыту басқармасы (бас сарапшысы, басшы).

2016-2017 – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде, соның ішінде бас маман қызметінде.

2014-2017 – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру басқармасының басшысы.

2017 жылғы 27 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары

Дюсембаева Әсел Серікқанқызы 1987 жылы 18 наурызда Алматы облысында дүниеге келді.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің информатика бакавры мамандығын тәмамдады.

2007-2010 – №82 МООМ информатика мұғалімі (Алматы қ.).

2012 – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Бірынғай жүйесі электрондық іс қағаздар департаментінің жетекші маманы, бас маманы.

2013-2014 – ҚР Атом энергиясы агенттігінің, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті Ақпаратты қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2014-2015 – ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпарат департаментінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының бас сарапшысы.

2015-2017 – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Нормативтік техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу және ақпараттық жаңа моделді дамыту басқармасының, «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасының; ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті Нормативтік техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу және ақпараттық жаңа моделді дамыту басқармасының бас сарапшысы.

2017-2018 – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасының басшысы.

2018 жылғы 8 қарашасында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы