Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

"Бұлттық құжат айналымы сервисі" сервистік бағдарламалық өнімін әзірлеу туралы хабарландыру

Сервистік бағдарламалық өнімнің атауы 

Бұлттық құжат айналымы сервисі  

Сервистік бағдарламалық өнімнің сипаты

Сервистік бағдарламалық өнім іскери құжат айналымын және сырттан түскен, сондай-ақ ұйымда (оның ішінде барлық құрылымдық бөлімшелерде) дайындалған құжаттармен жұмыстарды автоматтандыру көрсетілетін қызметін, оның ішінде мыналарды:

-        жедел электрондық құжаттардың айналымын ұйымдастыруға арналған бірыңғай ортаны;  

-        бизнес-процестерді оңтайландыру және оларды орындау мен бақылау тетігін автоматтандыру аспабын; 

-        сервисті тұтынушы ұйымдарында қағаз құжаттар айналымын алып тастау немесе мүмкіндігінше қысқарту тетігін ұсынуға арналған.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару бойынша уәкілетті орган 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі 

Сервистік бағдарламалық өнім құру жөніндегі комиссия, Комиссия

Сервистік бағдарламалық өнім құруды ұйымдастыру үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару бойынша уәкілетті орган құратын алқалық орган 

Ұйымдастырушы

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ.

Байланыс деректері:

1. Ержан Жақсыбекұлы Жакупов, АКТ-көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру департаментінің бас сарапшысы

Тел.: 570-764, e-mail: ezhakupov@zerde.gov.kz

2. Әсел Нұрланқызы Нұрмұханова, Ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің бас менеджері  

Тел.: 570-792, e-mail: anurmukhanova@zerde.gov.kz

 

Құжаттардың түпнұсқалары келесі мекенжай бойынша қабылданады:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Алматы к-cі 1, "Асылтау" бизнес-орталығы, 7-қабат,  №3 каб

Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі

2016 жылғы 22 шілде (қоса алғанда)

 

 1. Жалпы ережелер

  1. 1.Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға үміткерлерден сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге өтінім жинау сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеу бойынша әлеуетті әріптесті (терді) айқындау мақсатында жүргізіледі. 

2. Хабарлама мыналардан тұрады: 

1) сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға тапсырма (1-қосымша);

2) заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге  қатысуға өтінім (2-қосымша).  

 2. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысушыларға құжаттама ережесін түсіндіру   

  1. 3.Әлеуетті әріптес сервистік бағдарламалық өнімді құруға әріптесті (терді) таңдау жөніндегі құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы Ұйымдастырушыға сұрау салумен 2016 жылғы 12 шілдеден кешіктірмей жүгінуге құқылы. Сұрау салуларды Ұйымдастырушы электрондық ресурс/электрондық поштасы көмегімен жолдау қажет.

4. Ұйымдастырушы құжаттаманың ережелерін түсіндіру мақсатында әлеуетті әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар өткізуге құқылы. 

 3. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және үміткерлердің қатысуға өтінімді ұсынулары

Қатысуға өтінім

5. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінім сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға үміткердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы№ 129 бұйрығымен бекітілген Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында көзделген талаптар мен шарттарға,  сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға тапсырмаға сәйкес сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуді және жеткізуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

6. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінім мыналардан тұруы тиіс: 

1) әлеуетті қатысушының басшының немесе уәкілетті өкілінің қолтаңбасы қойылған және толтырылған өтінім;

2) құқыққа қабілеттілікті (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс әрекетке қабілеттілікті (жеке тұлғалар үшін) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар:

заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасымен нотариалды куәландырылған сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені ұсынулары тиіс;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы электрондық анықтаманың қағаз көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін; жеке тұлға үшін – кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы электрондық анықтаманың қағаз көшірмесі;

салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің және әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан аспайтындығы (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) туралы немесе сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінімді қабылдау туралы хабарландыруды орналастыру күнінің алдында бір айдан аспайтын мерзімде берілген бір теңгеден аспайтын салық берешегінің болуы немесе міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің  болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы немесе электрондық анықтаманың қағаз көшірмесі;

қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе әлеуетті әріптес қосымша құн салығын төлеуші болып табылмаса, жазбаша растау;

 Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінім беру тәртібі 

 7. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінімді әлеуетті қатысушы немесе оның уәкілетті өкілімен бау өткізілген және нөмірленген қағаз күйінде Ұйымдастырушыға 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Алматы к-сі 1, "Асылтау" бизнес-орталығы, 7-қабат,  №3 каб. мекенжайы бойынша беріледі.  

8. Өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін алынған барлық өтінімдерден қараусыз бас тартылады.  

Өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

 9. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға үміткер тұлға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өзінің өтінімін өзгерте немесе қайтарып ала алады. Өзгертулерді енгізу сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінімнің өзін беру сияқты берілуі тиіс.

Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу немесе сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер ұйымдастырушы оларды сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады.

10. Өтінімді тіркегеннен кейін, сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға үміткер тұлға сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеу бойынша әлеуетті әріптес болып есептеледі.

 4. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінімдерді комиссияның қарауы және әлеуеттерді әріптестерді сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге жіберу

 11. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеудегі әлеуетті әріптестердің өтінімдерін қарауды Комиссия жүргізеді.

Қарауға әлеуетті әріптестерден сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы  хабарламада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті әріптестердің өтінімдері жатады.

12. Комиссия әлеуетті әріптестерден өтінімдер қабылдау мерзімі өткеннен кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде түскен өтінімдердің сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеу бойынша құжаттаманың талаптарына сәйкестігін қарайды және әлеуетті әріптестерді  сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге жіберу туралы хаттаманы қалыптастырады.

13. Комиссия әлеуетті әріптесті:

 1) әлеуетті әріптестерден сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге өтінімді қабылдаудың басталуы туралы хабарламада көрсетілген талаптарға әлеуетті әріптестің сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті әріптестің ұсынбауы немесе  тиісінше ұсынбауы;

2) анық емес ақпаратты ұсынуы жағдайларында әлеуетті әріптестерден сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге өтінімді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес емес деп таниды.   

14. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге жіберу туралы хаттамаға Комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, Комиссияның Төрағасы, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды.

Ұйымдастырушы сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті әріптестерге аталған хаттаманы ұсынады немесе оның электрондық көшірмесін жолдайды, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару бойынша мемлекеттік органның интернет-ресурсына және Сервистік интегратордың интернет-ресурсына орналастырады.

Орналастырылған: 24.06.2016
Жаңартылған: 30.03.2018

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы