You are here

«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. « Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркелген тiзiлiмiнде № 17082 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:

1) бірінші кезең, 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы;

2) екінші кезең, 2019 жылғы 1 шілдеге дейін: Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары;

3) үшінші кезең, 2020 жылғы 1 шілдеге дейін: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары;

4) төртінші кезең, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін: Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары.».

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  4. осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
  2.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар

              министрі                                                                         Д. Абаев

 

Дата мероприятия: 
Жұма, 23 қараша, 2018
Орналастырылған: 23.11.2018
Жаңартылған: 23.11.2018

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы