Анықтама

Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетпен кәсіпкерлік субъектілерді келесі салалар бойынша бақылау жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына;

2) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына;

3) байланыс саласында;

4) ақпараттандыру саласында;

5) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына.

Мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексерістер тексеру парақтарымен сәйкес асырылады:

1) «Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1275 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 841 бірлескен бұйрығы (Қосымша 2);

2) «Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1282 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 844 бірлескен бұйрығы (Қосымша 2).

Тексеріс нәтижелері бойынша статистикалық есептілік қосымшаға сәйкес қалыптыстырады (Косымша 3).

2015-2016 жылдарға Тексерулер жоспары бекітілмеген сәйкесінше

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы