Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Ақпараттандыру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департамент құрылымы, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.

4. Департамент:

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасынан (бұдан әрі – АСМСҚБ);

Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу басқармасынан (бұдан әрі – АЖМДжНТҚСЖБ);

«Электронды үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасынан (бұдан әрі – ЭҮІКЖБ) құрылған.

 

толығырақ қарау

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы