Қазақстан Республикасының
 Ақпарат және коммуникация министрлігі
Жауапты хатшысының
2016 жылғы «__» ___________
№ ____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
 
 
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Байланыс департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
 
Жалпы ержелер
 
1. Байланыс департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте  Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Жауапты хатшысымен бекітеді.
4. Департамент:
 Байланыс жобаларын  дамыту басқармасы (бұдан әрі-БЖДБ);
 Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат басқармасы (бұдан әрі-БСМСБ);
 РЖС жоспарлау және халықаралық үйлестіру басқармасы (бұдан әрі-РЖСЖЖХҮБ).
 
Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
 
5.1. БЖДБ:
5. Мақсат: Телекоммуникация жобаларын дамытуды іске асыру.
Функциялар:
  1. Қазақстан Республикасында сонымен қатар аймақтарда, телекоммуникация жобаларын дамытуға қатысты презентация, анықтама, есеп және басқа да құжаттарды дайындау;
  2. Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық технологияларды дамыту мониторингты;
  3. Қазақстан Республикасындағы цифрлық эфирлы және спутниктік телерадио хабар таратуды дамыту мониторингі;
  4. Байланыс саласындағы көрсеткіштер бойынша Халықаралық электр байланыс одағының статистикалық жинағы және БЖИ БЭФ есеп беру мониторингі.
  5. Басқарманың құзыретіне кіретін телекоммуникация саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
  6. байланыс жобаларын дамыту үшін мемлекеттік органдармен, мемлекеттік атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара әрекет ету;
  7. Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  8. цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;
  9. Басқарманың құзыретіне кіретін байланыс саласындағы мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарау;
  10. Басқарма құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының нысаналы индикаторларына, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспарын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмыстар жүргізу;
  11. Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді мониториг жүргізу;
  12. Басқарма құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық аткілерді әзірлеу.
6.Мақсат: байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты іске асыру.
Функциялар:
  1. Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі ретінде халықаралық одақтарда және байланыс ұйымдарда өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қызығушылығын қорғау және таныстыру;
  2. Халықаралық электр байланыс одағымен,   Байланыс саласындағы аймақтақтық достастықпен телекоммуникация саласындағы сұрақтары бойынша өз құзыреті шегінде өзара әрекет ету;
  3. ХЭО, БАД және т.б. халықарлық ұйымдарға бағытталған құжаттарды қарау, келісім беру және ұсыныстар ұсыну.
  4. Министрлік басшылығына Байланыс жобаларын дамыту саласындағы ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
  5. Байланыс жобаларын дамыту саласында Министрлік басшылығының шетелдік іс-сапарларын ұйымдастыру;
  6. Байланыс жобаларын дамыту саласындағы Үкіметаралық және ведомствоаралық комиссияларға, арнайы жұмысшылардың топтарына қатысу
  7. Байланыс саласындағы «Шетелдік іс-шаралар» және «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспарды қалыптастыру және қаржыны пайдалану есебін жүргізу;
  8. Министрлік басшылығының шетелдік делегацияларымен кездесулерін ұйымдастыру;
  9. Басқарма құзыреті шегінде бюджетті әзірлеу және мемлекеттік сатып алу іс-шараларын ұйымдастыру;
  10. Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарын уақытылы және сапалы орындауға және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беруге жауапты тұлғаларды бекіту;
  11. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыздарды беру қажеттілігі туралы Заң департаментіне уақытылы ұсыну және оны хабардар ету.
7. БСМСБ:
4.1. Мақсат: Қазақстан Республикасының байланыс саласын дамыту.
Функциялар:
1) Қазақстан Республикасының байланыс саласын дамытуда негізгі бағыттар мен приоритеттер бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
2) жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу:
- байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын;
- телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн;
- қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптарды;
3) Басқарма құзыреті шегінде байланыс саласындаға қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын белгіленген тәртіпте қарау;
4) Пошталық төлем белгілерінің мемлекеттік коллекциясын қалыптастыру;
5) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында пошта байланысының өндірістік нысандарына пошталық индекстерді тағайындау;
6) Басқармаға жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында байланыс саласын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, байланыс операторларымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу;
7) Мемлекеттік деңгейде өткізілетін іс-шараларды техникалық қолдау мәселесі бойынша мемлекеттік органдар және байланыс орператорларымен өзара әрекеттесу;
8) Байланысты дамытудың негізгі мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, есеп берулерді, мәліметтерді және презентацияларды дайындау;
9) Министрліктің Алқа мәжілістеріне және Министрлік құрған кеңестік органдарға қатысу;
10) Басқармаға жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру;
11) Басқарма жобаларының шегінде мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты жүргізуді ұйымдастыруға қатысу;
12) Басқарма құзіретінің шегінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес байланыс жобаларының көзделген ай және тоқсан сайын жұмыстарды қабылдау үшін негіз болатын сәйкестік актілерін, есептерді және өзге құжаттарды қарау және қол қою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
13) Басқарма жетекшілік ететін жобалар аясында бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік сатып алулар жоспарына ұсыныстар дайындау;
14)  Бюджетті жоспарлау және оны жүзеге асыру басқармасымен бірігіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде үш жылға Департаменттің бюджет өтінімін қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
15) байланыс саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
16) байланыс саласында нормативтік құқықтық актілерді мониториг жүргізу;
17) өз құзыреті шегінде Стратегиялық және Операциялық іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыстар жүргізу.
 
8 Тапсырма: телекоммуникация және пошта саласында халықаралық ынтамақтастық.
Функциялар:
  1.  Қазақстан Республикасының байланыс әкімшісі ретінде халықаралық одақтарда және байланыс ұйымдарында өз құзіреті шеңберінде Қазақстан Республикасының мүдделерін ұсыну және қорғау;
  2.  Қазақстан Республикасының пошталық әкімшісі ретінде басқа мемлекеттердің пошталық әкімшіліктерімен және халықаралық ұйымдармен өз құзыреті шеңберінде өзара әрекет ету кезінде пошта байланысы саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін ұсыну және қорғау;
  3. пошта байланысы саласындағы мәселелер бойынша Халықаралық электр байланыс одағымен, Дүниежүзілік пошта одағымен, Байланыс саласындағы өңірлік достастығымен халықаралық ұйымдарымен өзара іс-қимылдар жасау.
 
9.  РЖСЖЖХҮБ:
9.1. Мақсат: өз құзыреті шегінде радиобайланыс саласындағы мемлекеттік саясатты, радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды және реттеуді іске асыру.
Функциялар:
  1. мүдделі мемлекеттік органдармен және (немесе) ведомстволармен радиожиілік спектрін келісу процедурасын жүргізу;
  2. бөлектелетін жиіліктік белдеулерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  3. радиожиілік спектрін тиімді пайдалану, реттеу және радиобайланыс саласында нормативтік құқытық актілерді әзірлеу;
  4. радиобайланыс, радиожиілік спектрін тиімді пайдалану және реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды табу, ескі құқық нормаларын, олардың жасалуы тиімділігін бағалау мақсатында, өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізу немесе күшін жою бойынша шараларды уақытылы қолдануға мониториг жүргізу;
  5. өз құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының нысаналы индикаторларына, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспарын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмыстар жүргізу.
9.2. Мақсат: Өз құзыреті шегінде радиожиілік спектрін шекаралас мемлекеттермен халықаралық үйлестіру процедурасын және спутниктік байланыс желісінің орбиталды жиілік ресурсына және жерүсті радиоэлектрондық құрылғыларына жиілік тағайындау барысында халықаралық үйлестіру және ұйымдастыру жұмысын жүзеге асыру.
Функциялар:
  1. өз құзіреті шегінде радиобайланыс, радиожиілік спектрін тиімді пайдалану және реттеу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  2. халықаралық электробайланыс одағының радиобайланыс бойынша конференцияларынан туындайтын радиожиіліктік спектрі саласында Қазақстан Республикасының құқықтарын жүзеге асыру мен міндеттерді орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  3. Қазақстан Республикасының спутниктік желілерінің орбиталық-жиілік ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау бойынша сүйемелдеу және үйлестіру;
  4. «KazSat» байланыс спутниктерімен жиіліктерді қолдануды және ғарыш кеңістігін пайдалануды халықаралық деңгейде мойындауды иелену үшін жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар «KazSat» байланыс спутниктеріне шетел мемлекеттерінің радиоэлектронды құрылғылары келтіретін радиокедергілерді болдырмау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
9.3 Мақсат: радиобайланыс, радиожиілік спектрін тиімді пайдалану және реттеу саласында халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Функциялар:
1) Министрлік басшылығына радиобайланыс саласындағы халықаралық ұйымдар бойынша ақпараттық-мағлұматтық материалдар әзірлеу;
2) радиобайланыс, радиожиілік спектрін тиімді пайдалану және реттеу саласында халықаралық келісімдерді жүргізу және шарт жасасу;
3) радиобайланыс, радиожиілік спектрін тиімді пайдалану және реттеу саласында Министрлік басшылығының халықаралық іс-сапарларын ұйымдастыру;
4) радиобайланыс, радиожиілік спектрін тиімді пайдалану және реттеу саласында үкімет аралық, ведомсво аралық және арнайы жұмыс топтарына қатысу.
 
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
 
10. Департамент өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажет уәкілеттілігі бар;
11. Департаментті Қазақстан Республикасы заңамасына сәйкес бекітілген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады;
12. Директордың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес орынбасарлары бар;
13. Директор Департаменттің қызметіне жалпы жетекшілік етеді және Департаментке жүктелген міндеттемелер мен өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілік етеді.
14.  Белгіленген мерзімде міндетті орындалуға жататын кіріс және шығыс хат хабарлар Министрдің, Жауапты хатшының  және жетекшілік ететін Вице-министрдің нұсқауымен жіберіледі.
15. Департамент Директоры Министрге, Жауапты хатшыға және Вице-министрге бағынады;
16. Департамент Директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штаттық саны бойынша ұсыныстар береді;
17. Осы мақсаттарда Директор:
1) өзінің орынбасарларының міндеттерін және уәкілеттілігін анықтайды;
2) Департамент құрамына кіретін Басқарма басшыларының міндеттерін және уәкілеттілігін анықтайды;
3) Департамент құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелердің Ержелерін бекітеді;
4) Қазақстан Республикасы заңы мен Президент актілеріне сәйкес басқа да уәкілеттіліктерді жүзеге асырады.
18.Департамент директорларының орынбасарлары:
1) Өз уәкілеттіліктері шеңберінде Департамент қызметін үлестіреді;
19.Департамент директорларының орынбасарлары:
1)  Өз уәкілеттіліктері шеңберінде Департамент қызметін үлестіреді;
2) Департамент директоры болмаған кезде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға мен өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3)  Департамент директорымен жүктелген өзге функцияларды жүзеге асырады. 
4)  Департамент Директоры  Министрге, өз құзыреті шегінде Жауапты хатшыға және жетекшілік ететін Вице – министрге бағынады.
20. Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне Департамент атынан жолданатын құжаттар Директормен немесе Департамент Директорының орынбасары қол қойылады.
21. Департамент директоры, оның орынбасарлары, басқарма басшылары сыбайлас жемкорлыққа қарсы әрекет жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.
22. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері олардың белгіленген тәртіпте бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарымен анықталады.
________________________

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы