Қазақстан Республикасы    

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

жауапты хатшысының

2016 жылғы «____» __________

№ _____  бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы

       Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жауапты хатшысының

2016 жылғы «__» _______

№ ____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

БАҚ саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасынан (бұдан әрі – БАҚСМСҚБ);

Медиа-талдау басқармасынан (бұдан әрі – МТБ);

Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасынан (бұдан әрі – АҚЖСМСҚБ) тұрады.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

5. БАҚСМСҚБ:

5.1. Міндеті: Министрліктің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметін ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрліктің жұмыс бағыттары бойынша жиынтық-талдау қызметті, соның ішінде стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау, халықаралық іс-қимылды ұйымдастыру;

2) Министрліктің жетекшілік ететін салаларын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

3) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарына, мемлекеттік органдар, құрылымдық бөлімшелер және өзге де ұйымдар өткізетін жиналыстарға, отырыстарға қатысу;

4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

5) Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдістерін талдауға, ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындауға қатысады.

5.2. Міндеті: бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша талдау жасау және кеңестер әзірлеу.

Функциялары:

1) отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған процестерге талдау жағынан қолдау жасау;

2) бұқаралық ақпарат құралдары мен Министрлік арасында өзара іс- қимылды, Қазақстан Республикасының имидждік саясатын ел ішінде және шетелде әдістемелік қамтамасыз ету;

3) Департамент құзыреті бойынша нормативтік-құқықтық актілерді қарастыруға және әзірлеуге, сондай-ақ Департамент әзірлеушісі болған немесе Департамент құзыретіне кіретін актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізуге қатысу.

5.3. Міндеті: бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты әзірлеу, қалыптастыру және іске асыру.

Функциялары:

1) ақпарат саласында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету.

        

6. МТБ:

6.1. Міндеті: бұқаралық ақпарат құралдар саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша талдау жасау және кеңестер әзірлеу.

Функциялары:

1) отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған процестерге талдау жағынан қолдау жасау;

2) бұқаралық ақпарат құралдары мен Министрлік арасында өзара іс- қимылды әдістемелік қамтамасыз ету.

6.2. Міндеті: Министрліктің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметін ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрліктің жұмыс бағыттары бойынша жиынтық-талдау қызметті, соның ішінде стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау, халықаралық іс-қимылды ұйымдастыру;

2) Министрліктің жетекшілік ететін салаларын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

3) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарына, мемлекеттік органдар, құрылымдық бөлімшелер және өзге де ұйымдар өткізетін жиналыстарға, отырыстарға қатысу;

4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

5) Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдістерін талдауға, ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындауға қатысады.

6.3. Міндеті: дағдарыс жағдайында және ақпараттық қауіп төнген кезде ақпараттық ден қою жөніндегі практикалық кеңестер және техникалық шешімдер әзірлеуге көмектесу.

Функциялары:

1) мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-анықтамалық материалдарды (топиктерді), түрлі ақпараттық және дағдарыс жағдайларды шешу жөніндегі әдістемелік кеңестер әзірлеуге көмектесу.

6.4. Міндеті: бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруды талдау.

Функциялары:

1) ақпарат саласында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету.

6.5. Міндеті: халықтың ақпараттық сұрау салуы мен күтуін  талдау және болжам жасау.

Функциялары:

1) түрлі салалар бойынша ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастырумен елдегі және шетелдегі ақпараттық саланың ағымдағы жағдайына талдау жасау.

 

7. АҚЖСМСҚБ:

7.1. Міндеті: Министрліктің ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы қызметін ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрліктің жұмыс бағыттары бойынша жиынтық-талдау қызметті, соның ішінде стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау, халықаралық іс-қимылды ұйымдастыру;

2) Министрліктің жетекшілік ететін салаларын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

3) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарына, мемлекеттік органдар, құрылымдық бөлімшелер және өзге де ұйымдар өткізетін жиналыстарға, отырыстарға қатысу;

4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

5) Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу туралы саласындағы заңнаманың даму үрдістерін талдауға және іске асыруға, ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындауға қатысады;

6) ақпаратқа қол жеткізу саласында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету.

7.2. Міндеті: ақпаратқа қол жеткізу саласында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша ұсынымдарды талдау және әзірлеу.

Функциялары:

1) ақпаратқа қол жеткізу туралы саласындағы заңнаманы іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған процестерге талдау жағынан сараптамалық қолдау жасау;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатпайтын ақпаратқа қол жеткізумен байланысты қоғамдық қатынастарда іске асыру тәжірибесін жалпылау және ұсыныстарды қарау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатпайтын ақпаратқа қол жеткізумен байланысты қоғамдық қатынастарда іске асыру тәжірибесін талдау қорытындысы бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

4) Департамент құзыреті бойынша нормативтік-құқықтық актілерді қарастыруға және әзірлеуге, сондай-ақ Департамент әзірлеушісі болған немесе Департамент құзыретіне кіретін актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізуге қатысу;

5) ақпаратқа қол жеткізу туралы саласындағы заңнаманы іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың есептерін жинау және талдау.

7.3. Міндеті: Министрліктің «Ашық үкіметті» енгізу саласындағы қызметін ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету.

Функциялары:

1)  «Ашық үкімет» саласында мелекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

2) «Ашық үкіметті» енгізу бойынша ведомстволық жұмыс жоспарларын әзірлеу және бекіту;

3) «Ашық үкіметтің» қағидаттары мен тетіктерін енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу, жетілдіру.

7.4. Міндеті: теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізудің қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) міндетті теле-, радиоарналардың және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және жетілдіру;

2) міндетті теле-, радиоарналардың және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстар өткізуді ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету.

 

8. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік пен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан, ұйымдар мен азаматтардан ақпарат сұрату;

2) Министрлікте және Комитетте, басқа да мемлекеттік органдарда құрылатын комиссия, кеңес, жұмыс топтарының құрамына кіру;

3) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды жетілдіру және Департамент құзіретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша ұсыныстарды Басшылықтың қарауына енгізу;

4) Департамент өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

5) ақпарат саласындағы республиканың заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды дайындауға қатысу;

6) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

7) Департаменттің құзыреті шеңберінде бюджетті қалыптастыру аясында мемлекеттік сатып алу және нормативтік құқықтық актілердің мониторингі жөнінде іс-шараларды жүргізуді уақтылы ұйымдастыру;

8) Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарын уақтылы және сапалы орындауға және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беруге жауапты тұлғаларды бекіту;

9) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыздарды беру қажеттілігі туралы Заң департаментіне уақтылы ұсыну және оны хабардар ету;

10) Департаменттің құзыреті шеңберінде жетекшілік ететін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру, сондай-ақ Департамент әзірлеушісі болған немесе Департамент құзыретіне кіретін актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу;

11) Департаменттің құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтиже көрсеткіштерге жету, Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарды уақтылы және сапалы орындау жұмыстарын жүргізуді үйлестіру.

12) Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдық және ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;

13) Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың бекіткен жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат тізбесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдау және енгізу;

14) Министрліктің жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат тізбесін пысықтау бойынша ұсыныстар беру әзірлеу; келісу және енгізу;

15) Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

9. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттікке ие.

10. Департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын директор басқарады,

11.  Директор Департамент қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады.

12. Белгіленген мерзімде міндетті орындалуға жататын кіріс және шығыс хат-хабарлар Министрдің, Жауапты хатшының және жетекшілік ететін Вице-министрдің нұсқауымен жіберіледі.

13. Департаменттің директоры Министрге, өз құзыреті шегінде Жауапты хатшыға және жетекшілік ететін Вице-министрге бағынады.

14. Департамент директоры Жауапты хатшыға Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.

15.  Директор:

1) өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16.  Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің қызметін  үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан өзге құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ол болмаған жағдайда Директордың орынбасары қол қояды.

18. Директор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске-қимыл жасауға міндетті және оған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуы бойынша жеке жауапкершілік жүктеледі.

19. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін белгіленген тәртіппен бекітілетін лауазымдық нұсқаулықтар айқындайды.

Орналастырылған: 20.01.2017
Жаңартылған: 18.07.2017

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы