Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация министрлігі Жауапты хатшысының
2016 жылғы «__»____
№ __ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
 
 
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаменті
туралы ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
 
1. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Департамент:
Кадр жұмысы басқармасы (бұдан әрі- КАБ);
Персоналдың тиімділігін бағалау басқармасы (бұдан әрі-ПТББ).
 
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
 
3. КАБ:
3.1. Мақсат: Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
Функциялары:
1) Министрліктің персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) Министрліктің кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
3)  мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
4) Департамент құзыретіне кіретін немесе әзірлеушісі Департамент болып табылатын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу.
 
3.2. Міндеті: Мемлекеттік қызметті өтуді қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Мемлекеттік қызметті тоқтату және өту, түсу рәсімдерін қадағалауын қамтамасыз ету;
2) Министрлік қызметкерлерінің салық декларацияларын тапсыру жұмыстарын ұйымдастыру;
3.3. Міндеті: Министрлікте корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және жағымды әлеуметтік-психологиялық жағдайды дамыту.
Функциялары:
1) Министрлікте еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек және еңбек жағдайлары режимін сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету;
2) Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және психологиялық жағдайды қамтамасыз ету;
3) Министрліктің басшылығына оларды ынталандыру жөніндегі ұсыныстар енгізу.
4.  ПТББ:
4.1. Міндеті: Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметі тиімділігіне бағалауды жүргізу.
Функциялары:
1) Министрліктің кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
2) Министрлік қызметкерлері қызметі тиімділігін бағалау және талдауын жүргізудің негізгі ережелерін, бағыттарын, өлшемдерін, тетіктерін белгілейтін  нормативтік құқықтық  актілерді әзірлеуді іске асыру, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін  немесе әзірлеушісі Департамент болып табылатын, актілерге қатысты  құқықтық мониторинг жүргізу;
3)  Құрылымдық бөлімшелердің қызметінің тиімділігіне талдау және негізгі көрсеткіштерін тағайындауда қатысу;  
4) Құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қызметі тиімділігін бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша ақпаратты жинақтау және сараптамалық анықтамалар, қорытындылар, ұсынымдарды дайындау.
4.2. Міндеті: Мемлекеттік қызметті өтуді ұйымдастыру.
Функциялары:
1) тәртіптік комиссияның, мемлекеттік наградаларға кандидатураларды ұсыну және қарастыру жөніндегі  комиссияның, еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссиясының және тұрғын-үй комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
2)  Мемлекеттік қызметті тоқтату және өту, түсу рәсімдерін қадағалауын қамтамасыз ету.
       
4.3.  Министрліктің кадрлерін кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
1) Министрлік қызметкерлерінің  біліктілігін көтеру, қайта даярлауын ұйымдастыру;
2) Министрлікте тәлімгерлікті және кәсіби бейімделуін ұйымдастыру
4.4. Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
5. Департаменттің құқығы мен міндеттері:
5.1.Департамент құқылы:
1) Заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінен және ұйымдарынан сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауға;
3) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізуге;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеру жүргізуге;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
6. Департамент мынадай міндеттерді атқарады:
  1.  Министрлік қызметкерлерінің жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізу;
  2. Министрлік қызметкерлерінің жеке құрамы мен демалыс беру жөніндегі бұйрықтарын ресімдеу;
  3. Министрлік бойынша бекітілген кестелерге сәйкес кезекті еңбек демалыстарының уақтылы берілуін бақылауды жүзеге асыру;
  4. еңбек шарттарын ресімдеу;
  5. Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу жөнінде бұйрықтарды және іссапар куәліктерін ресімдеу;
  6. Министрлік қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін ресімдейді;
  7. Министрліктің құрылымын әзірлейді;
  8. құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді әзірлеу;
  9. лауазымдық нұсқаулықты әзірлеу жөніндегі жалпы үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды бекітуге енгізу;
  10. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына біліктілік талаптарын әзірлеу;
  11. мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органмен кадрлық резервінен қызметкерлерді іріктеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  12.  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізуді ұйымдастыру;
  13. мемлекеттік қызметшiлердiң шектеулерді қабылдауы туралы келiсiмін жазбаша нысанда бекіту;
  14. мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
  15. Министрлік қызметкерлерін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) таныстыру;
  16. Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру салтанатын өткізуді ұйымдастыру;
  17. мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріді аттестаттаудан өткізуі үшін материалдар дайындауды жүзеге асыру;
  18.  қызметтік тексерулер жүргізу;
  19. қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту  мәселелері бойынша құжаттарды дайындау;
  20. Министрлік қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
  21. қызметкерлерді мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсыну, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау үшін құжаттарды ресімдеу;
  22. Министрлік қызметкерлерінің өтілін белгілеу жөніндегі комиссияларының отырысын өткізу;
  23. Министрлік қызметкерлерінің алынған табыстары және салық салу объектісі болып табылатын жеке меншік құқығында оларға тиесілі мүлік туралы мәліметтерді электрондық түрде салық қызметі органдарына ұсынуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  24. Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны қабылдау туралы анықтамаларды жинауды жүзеге асыру;
  25. мемлекеттік қызметке қабылданатын қызметкерлердің құжаттарын міндетті арнайы тексеруден өтуі үшін қажетті құжаттарды жинауды жүзеге асырады және уәкілетті органға жолдау;
  26. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сұрау салу жолдау;
  27. уәкілетті органдарға ұсыну үшін қажетті ақпаратты, есептерді, анықтамалық материалдарды және мәліметтерді дайындауды жүзеге асырады;
  28. гендерлік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша жұмысты жүргізу;
  29. Министрлік қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі табельді жинауды және толтырылуын тексеруді жүзеге асыру;
  30.  Министрлікте студенттер мен оқу орындары түлектерінің практикадан өтуі бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  31. Министрліктің әскери міндетті қызметкерлерін есепке алуды жүргізеді және оларды әскери есепке қоюын бақылауды жүзеге асыру;
  32. тұрғын үй мәселелері бойынша құжаттардың жинауын және дайындауын жүзеге асыру;
  33. Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Медициналық орталығымен бекіту, вакцинация жүргізу және Министрлік қызметкерлерінің кешенді профилактикалық медициналық тексеруден өту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  34. кадрларды даярлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
  35. Өкілетті органдармен  құрылған, кадрлерді дайындау мәселелері жөнінде жұмыс топтарына қатысу;
  36. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы жыл сайынғы өтінімдерді дайындауды жүзеге асыру;
  37. Министрліктің мемлекеттік қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын өту үшін құжаттарды жинауды және ресімдеуді жүзеге асыру;
  38. тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
  39. аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
  40. кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу;
  41. мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, оқуын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді марапаттаудың қолдану тәртібін әзірлеу;
  42. Мемлекеттік істер бойынша уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға алғаш рет қабылданған адамдарға тәлімгерлерді бекіту;
  43. мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған адамдарға кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсету мәселелері бойынша тәлімгерлердің қызметін үйлестіру;
  44. мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру;
  45. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалау жүргізуді ұйымдастырады және талдауды жүзеге асыру;
  46.  Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар дайындау;
  47.  Министрлік қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау және талдау қатысты мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара

    іс-қимыл жасасу;
  48.  Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
 
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
 
7. Департамент Министрліктің Жауапты хатшысына тікелей бағынады.
8. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады. 
9. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және  Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
10. Белгіленген мерзімде міндетті орындалуға жататын кіріс және шығыс хат хабарлар Министрдің және Жауапты хатшының нұсқауымен жіберіледі.
11. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
12. Департаменттің басқарма басшылары:
1) өз өкілеттіктері шеңберінде  Департаменттің қызметін үйлестіреді;
2) Департамент директоры болмаған кезде Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) Департамент директоры жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен анықталады.
 
___________________

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы