Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация министрлігі Жауапты хатшысының
2016 жылғы «__» ________
                   № ____ бұйрығымен
                        БЕКІТІЛГЕН
                             
                                                               
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту
 Департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
 
1. Жалпы ережелер
 
  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
  4. Департамент құрылымы:
«Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру басқармасы ( бұдан әрі-БТҚБМҚКҰБ);
Қызметтерді бақылау басқармасы (бұдан әрі-ҚББ);
Қызметтерді автоматтандыру басқармасы (бұдан әрі-);
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру басқармасы (бұдан әрі-);
 
2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары,
құқықтары және міндеттері
 
5. БТҚБМҚКҰБ:
5.1. Міндеті: «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру
Функциялары:
1) «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру бойынша бақылауға алынған тапсырмалардың орындалуын тексеруді жүзеге асырады;
2) Басқарма құзіреті шегінде Мемлекеттік корпорациясы қызметі мәселелері жайында заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін  қарауды қамтамасыз етеді;
3) Мемлекеттік корпорациясы қызметіне мониторинг жүргізу бойынша ай сайынғы жиынтық ақпаратын уақытылы жасауын қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік корпорациясы қызметіне жалпы инфрақұрылым жағдайына талдауды және бақылауды жүзеге асырады;
5) Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу;
6) Мемлекеттік корпорациясы қызметі, оның жұмыс істеуі бойынша заңнамаларды түсіндіру мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
7) өзінің құзыреті шегінде және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
6. Мақсаты: Мемлекеттік корпорациясы мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл.
Функциялары:
1) Мемлекеттік корпорациясы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарауды қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдармен Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізуін қамтамасыз етеді;
3) Мемлекеттік коропрациясы және уәкілетті мемлекеттік органдардың оңтайландыру бойынша ұсыныстарын енгізу;
7. Мақсаты: Басқарма құзіреті шегінде Министрліктің, Департаменттің басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыру
Функциялары:
1) Басқарма құзіретіне бақылауға алынған тапсырмаларды орындауын жүзеге асырады;
2) Басқарма құзіретіне кіретін Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша  Министрліктің аппараттық жиынтығына, материалдар мен ақпараттарды дайындау;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық материалдарды, ақпараттарды, есептерді, басқа да құжаттарды дайындауға қатысады;
4) Мемлекеттік корпорациясы бойынша Министрлік бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бақылауды қамтамасыз етеді;
5) Мемлекеттік корпорациясы бойынша ВБК-кеңесті қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын бақылауға алуды жүзеге асыру.
8. Мақсаты: «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыруда халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жүргізу:
1) министрлік басшылығына халықаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
2) халықаралық келісім шарттарды жасасу және жүргізу;
3) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін жүргізу;
4) Министрлік басшылығының шетелдік іс-сапарларын ұйымдастыру;
5) үкіметаралық және ведомствоаралық комиссияларға, арнайы жұмысшылардың топтарына қатысу;
6) «Шетелдік іс-сапарлар» және «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспарды қалыптастыру және қаржыны пайдалану есебін жүргізу;
7) Министрлік басшылығының шетелдік делегациялармен кездесулерін ұйымдастыру;
8) халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзге де сұрақтар.
9. Басқарманың құқықтары мен міндеттемелері.
6. ҚББ:
6.1. Мақсаты: автоматтандыру жолы арқылы мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу:
Функциялары:
1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
2) Басқарма құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысады;
3) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жоспарларын келісуге қатысады, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша оларға консультациялық көмек көрсетеді.
  1. Мақсаты: мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді әзірлеу, қайта әзірлеу бойынша техникалық құжаттаманы келісу және бекіту, ақпараттық жүйелердің жұмысына мониторингті жүзеге асыру:
Функциялары:
1)  Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу жөніндегі жұмысты, оларға мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша консультациялық көмек көрсету мен оларды орындау бойынша бақылауды жүзеге асыру жұмысын үйлестіреді;
2) Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру мүмкіндігіне талдау жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
3) Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруді бақылау бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
4) Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету жөніндегі қызметінің тиімділігін бақалау бойынша жұмысын үйлестіреді;
5) Біріңғай байланыс орталығы және «электрондық үкімет» популиризациясы бойынша жұмысын бақылайды.
  1. Мақсаты: министрліктің, оның ведомстволарының, аумақтық органдары мен бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасына бақылау, бағалау және сапасын қамтамасыз ету:
1) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және уақтылығына оның ішінде қызметті алушылардың өтінімдерін уақтылы тіркеу бөлігінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін бақылау;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыру бөлігінде ұсыныстар әзірлеу;
3) құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауды  жүргізуге мониторинг өткізу;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу барысында үкіметтік емес ұйымдармен өзара қатынасты қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу.
  1. Мақсаты: басқарманың құзыреті шегіндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды жүргізу:
1) министрлік басшылығына халықаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
2) халықаралық келісім шарттарды жасасу және жүргізу;
3) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін жүргізу;
4) Министрлік басшылығының шетелдік іс-сапарларын ұйымдастыру;
5) үкіметаралық және ведомствоаралық комиссияларға, арнайы жұмысшылардың топтарына қатысу;
6) «Шетелдік іс-сапарлар» және «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспарды қалыптастыру және қаржыны пайдалану есебін жүргізу;
7) Министрлік басшылығының шетелдік делегациялармен кездесулерін ұйымдастыру;
8) халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзге де сұрақтар.
  1. Мақсаты: басқарманың құзыретіне кіретін басқа міндеттер:
1) электрондық қызметтерді бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және ұйымдардың сұраныстарына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптардың жобасын дайындайды;
2) басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімдері мен сапасының сақталуын қамтамасыз етеді;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық материалдарын, ақпараттарды, есептерді, басқа да құжаттарды дайындауға қатысады;
4) өзінің құзыреті шегінде және Министрлік, Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
7. ҚАБ:
7.1. Міндеті: Автоматтандыру жолы арқылы мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу:
Функциялары:
1) мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша әлемдік тәжірибені зерделейді;
2) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
3) мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісуге қатысады;
4) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін оларды «электрондық үкімет» инфрақұрылымымен ықпалдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жоспарларын келісуге қатысады, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша оларға консультациялық көмек көрсетеді.
5. Міндеті: Мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді әзірлеу, қайта әзірлеу бойынша техникалық құжаттаманы келісу және ақпараттық жүйелердің жұмысына мониторингті жүзеге асыру:
Функциялары:
1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің ішінара немесе толығымен автоматтандыру мүмкіндігін қарайды;
2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы», «Электрондық үкіметтің» шлюзі», Электрондық үкімет «төлем шлюзі», «Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі», «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры», «Мобильдік үкімет», «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған апқараттық жүйесі» және де «электрондық үкімет» популяризациялау жөніндегі ақпараттық жүйелерін дамыту және жұмыс істеуін бақылайды.
7.2. Басқарманың құзыреті шегіндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды жүргізу
Функциялары:
1) министрлік басшылығына халықаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
2) халықаралық келісім шарттарды жасасу және жүргізу;
3) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін жүргізу;
4) Министрлік басшылығының шетелдік іс-сапарларын ұйымдастыру;
5) үкіметаралық және ведомствоаралық комиссияларға, арнайы жұмысшылардың топтарына қатысу;
6) «Шетелдік іс-сапарлар» және «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспарды қалыптастыру және қаржыны пайдалану есебін жүргізу;
7) Министрлік басшылығының шетелдік делегациялармен кездесулерін ұйымдастыру;
8) халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзге де сұрақтар.
7.3. Міндеті: Басқарманың құзыретіне кіретін басқа міндеттер:
1) мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және ұйымдардың сұраныстарына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша және Министрдің Блогына келіп түсетін сұрақтарға жауаптардың жобасын дайындайды;
2)басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімдері мен сапасының сақталуын қамтамасыз етеді; 
3) Министрліктің интернет-ресурсына басқарманың құзыретіне кіретін ақпаратты орналастырады; 
4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық материалдарын, ақпараттарды, есептерді, басқа да құжаттарды дайындауға қатысады;
5) өзінің құзыреті шегінде және Министрлік, Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8. МКҚОБ:
8.1. Мақсаты: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) қызметіне әдістемелік, нормативтік қамтамасыз ету және мемлекеттік  органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіру  және  ықшамдау, оларды оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде ұсыныстар беру, сондай-ақ оларды тиісті нормативтік құқықтық актілермен заңнамалық бекіту жасау.
Функциялары:
1) мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру шектерінде Мемлекеттік корпорация қызметі мәселелері бойынша, сонымен қатар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілінетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту бойынша  Мемлекеттік қызметтер тізіліміне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларын енгізу бойынша шараларды қолдануы (орталықтық және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп);
2) Мемлекеттік корпорация қызметінің мәселелері бойынша құқықтық нормативтік актілерінде болған өзгерістері туралы Департамент басшылығына уақытында хабарлау;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілінетін мемлекеттік қызметтерін іріктеу бойынша Ведомствоаралық комиссия қызметінің ұйымдастырушылық – техникалық қамтамасыз етуі;
4) мемлекеттік қызметтер стандарттарының оның ішінде электронды түрде және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілінетін жобаларын уақытында жасау және бекітуіне заңнамалық мониторинг өткізу;
5) көрсету және талап етілетіндігінің формалары бойынша Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілінетін мемлекеттік қызметтер санына талдауын жасау;
9. Мақсаты: Басқарманың және Мемлекеттік корпорациясы қызметтеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер стандарттарын оңтайландыру бойынша қарастыруы және келістіруі;
1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша оңтайландыру мүмкіндігіне сараптама жүргізу;
2) Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша заңнама жобаларының және басқа да нормативтік құқықтық  акттілерін әзірлеу,  қаралуына және әзірлеуіне қатысу жөнінде жұмыстарды үйлестіру;
3) Басқарма құрізетіне қатысты  Қазақстан Республикасы Президентінің, Республика Үкіметінің, Департаменттің басшылықтары тапсырмалары бойынша қорытындылардың, хатардың, ұсыныстардың, өтініштерін қарастырылуы мен  материалдарының дайындалуына қатысу жұмыстарын үйлестіру;
4) Азаматтардың өтініштерін, қолданыстағы заңнаманың шегінде қажетті түсіндірмені жіберу, соның ішінде, Басқарма  құзырының шегінде Министр блогына түскен өтініштерді қарастыру.
10. Мақсаты: Басқарманың құзыреті шегіндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды жүргізу:
1) министрлік басшылығына халықаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
2) халықаралық келісім шарттарды жасасу және жүргізу;
3) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін жүргізу;
4) Министрлік басшылығының шетелдік іс-сапарларын ұйымдастыру;
5) үкіметаралық және ведомствоаралық комиссияларға, арнайы жұмысшылардың топтарына қатысу;
6) «Шетелдік іс-сапарлар» және «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспарды қалыптастыру және қаржыны пайдалану есебін жүргізу;
7) Министрлік басшылығының шетелдік делегациялармен кездесулерін ұйымдастыру;
8) халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзге де сұрақтар.
11. Департаменттің құқықтары және міндеттемелері:
Департаменттің құқығы:
1) Департаменттің міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығының қарауына ұсыныстар енгізу;
2) Министрлікпен Қазақстан Республикасының Үкімет қарауына қолданыстағы заңнамаға мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, Мемлекеттік корпорация қызметі саласы бойынша өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстарды енгізу;
3) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың тапсырмасы бойынша Комитетті, Министрлікті Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік, қоғамдық және басқа да мекемелері мен ұйымдарда және шетелдерде білдіру;
4) Департаменттің  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
12. Департаменттің міндеттемелері:
1) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
2) шарт міндеттемелерінің орындалуын тексеру және көрсетілген қызметтер туралы актіні қабылдау;
3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасаған жағдайда Департаменттің қызметкерін (-лерін), ол (-олар) консультативтік-кеңес органдарына қатысу қажет болған ретте, не болмаса басқа тиісті қызметтік көмек көрсету үшін бөлу;
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
5)  мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Департамент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
7) Департаменттің құзыреті шеңберінде бюджетті қалыптастыру аясында мемлекеттік сатып алу және нормативтік құқықтық актілердің мониторингі жөнінде іс-шараларды жүргізуді уақытылы ұйымдастыру;
8) Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарын уақытылы және сапалы орындауға және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беруге жауапты тұлғаларды бекіту;
           9) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап арыздарды беру қажеттілігі туралы Заң департаментіне уақытылы ұсыну және оны хабардар ету;
10) Департаменттің құзыреті шеңберінде жетекшілік ететін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру.
 
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
 
13.Департамент, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттілікке ие болады.
14.Департаментке, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Директор басшылық етеді.
15.Директор, Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өзінің функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
16. Белгіленген мерзімде міндетті орындалуға жататын кіріс және шығыс хат хабарлар Министрдің, Жауапты хатшының  және жетекшілік ететін Вице-министрдің нұсқауымен жіберіледі.
17. Департамент Директоры бір орынбасары бар;
18. Департамент Директоры  Министрге, өз құзыреті шегінде Жауапты хатшыға және жетекшілік ететін Вице – министрге бағынады.
19. Департаменттің Директоры Жауапты хатшыға Департаменттің штат бойынша кестесін ұсынады.
20. осы мақсатта Директор:
1) Департамент құрамына кіретін қызметтердің міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;
2)  заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес өзге уәкілеттікті жүзеге асырады;
24. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне, Департаменттің атынан жолданатын құжаттарға Директор Департаменті немесе Департамент Директорының орынбасары  қол қояды.
25. Директор жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуына дербес жауапты болады.
26. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері олардың, белгіленген тәртіппен бекіткен, лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.
 
_____________________________
 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы